22.05.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген

71150
22.05.2014 күнгі түрік баспасөзі

Миллийет газеті «Мави Мәрмәрге атақты адвокат тағайындалды» деп аталатын хабарында Израиль армиясының Газа қоршауын асу үшін жолға аттанған Мави Мәрмәрге 2010 жылы 31 мамыр күні жасалған қанды басқында қаза тапқан 9 түрік азаматының жақындары атынан атақты адвокаттың өкілдік жасайтыны жазылған. Газет бұрынғы Югославия президенті Слободан Милосевичті Гаагадағы Халықаралық Жаза сотында соттатқан прокурорлардан және Сирияда режимнің жүйелі түрде жәбірлеуін ортаға қойған рапорттың зерттеушісі ретінде үлес қосқан адвокат Сер Геофрий Найстың Мави Мәрмәрден зардап шеккендердің Халықаралық Жаза сотында қорғаушылығын жасайтынын мәлімдегенін жазған.
Йени шафак газеті «АСЕЛСАН алпауыттар лигасында» деп аталатын хабарында АСЕЛСАН-ның Rolls-Royce фирмасымен мотор, Airbus фирмасымен де жер серігі лазер мен радио байланыс саласында келісім жасағаны атап көрсетілген. Газет ауқымды келісім-шартпен Түркияның жаһандық нарықтарға одан жеңіл байланыс жасай алатыны білдірілген. Хабарда жергілікті зымыран өндірісі жасаған РОКЕТСАН-ның болса Airbus Defence and Space (Қорғаныс және ғарыш) пен әскери авиация салаларында болашақтағы ынтымақтастықтар үшін алдын ала келісімге қол қойғанына назар аударылған.
Сабах газеті «Ұлыбританияда оқуда жаңа дәуір басталады» деп аталатын хабарында Ұлыбританияда «А дәреже» ретінде белгілі және университетке дайындалған студенттерге бағытталған дайындық пен теңдік бағдарламасына келесі жылдан бастап Османлы мемлекеті мен Исламның өркендеуі сияқты тақырыптардың да қосылуының жоспарланғаны атап көрсетілген. Газет емтихан комиссиясының тарихқа жауапты мүшесінің бірдей тақырыптарда және 20-ғасырға бағытталған тақырыптар таңдалғаны себепті сынға ұшырағандарын, мақсаттарының студенттерге мүмкіндіктер беру екенін айтқанын жазған.
Ватан газетінің мәдениет пен өнер беттерінде жарияланған “Моррисейден ‘Стамбұл’ атты әніне азан дауысымен бастама» деп аталатын хабарында поп музыкасының аты аңызға айналған ағылшын әншісі Моррисейдің жаңа альбомынан Стамбұл атында ән шығарғаны жеткізілген. Газет әннің кірісінде азан дауысы болуының назар аударғанын атап көрсеткен.
Акшам газетінің спорт беттерінде жарияланған «Ұлттық командадан Сома жолдамасы» деп аталатын хабарында Түрік ұлттық командасының Косовомен ойнаған дайындық матчында көгалға қара формамен шыққаны жазылған. Айжұлдызды команданың қарсыласын 6-1 жеңгенін жазған газетте қақпаға гол салған соң қуанышын көрсетпегеніне де назар аударған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар