25.05.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген

73063
25.05.2014 күнгі түрік баспасөзі

Йени шафак газеті Эгейдегі зілзала хабарын «Шайқалдық» деген басты тақырыппен оқырмандарына жеткізген. Газет Чанаккалеге 90 шақырым қашықтықтағы Эгей теңізіндегі 6,5 балл күшіндегі зілзаланың Түркияның батысын 40 секунд бойынша шайқағанын жазған. Хабардың жалғасында араларында Стамбұл, Эдирне, Болу, Эскишехир, Измир, Маниса қалалары да бар көптеген қалада азаматтардың далаға қашқаны, 200-ден астам адамның ғимараттардан секіріп жараланғаны және зілзаланың артынан 50-ден астам дүмпілдің тіркелгені атап көрсетілген.
Миллийет газеті аталмыш тақырыптағы хабарында «40 секундтық қорқыныш» деп аталатын хабарында Эгей теңізінде Гөкчеаданың 40 шақырым батысында болған 6,5 балл күшіндегі зілзаланың қорқытқанын білдірген.
Газет Чанаккале губернаторы Ахмет Чынардың қала орталығы мен аудандарында кезкелген адам және мүлік шығыны болмағанын атап, ғимараттарына зиян келген азаматтардың үйлеріне кірмеуі тақырыбында ескертілгені жазылған.
Ватан газеті 67-ші Кан фильм фестивалының үлкен жүлдесі Алтын Пальманың Нури Билге Джейланның «Қыс ұйқысы» атты фильміне берілгені, «Сома үшін» деген тақырыппен жеткізілген. Газет хабарында жүлде алу үшін сахнаға шыққан Нури Билге Джейланның «Жүлдені Түркияда соңғы кездері қаза тапқан жастар мен Сомада қаза тапқан кеншілерге сыйлаймын» дегенін жазған.
Сабах газеті «Алтын пальма Джейланның» деп аталған хабарында Нури Билге Джейланның 1982 жылы Йылмаз Гүнейдің «Жол» атты фильмінің артынан осы жүлдені алған екінші түрік режиссері екені және жүлдені АҚШ-тық атақты режиссер Квентин Тарантинодан алғаны жазылған. Газет Джейланның осы жылы түрік кинофильмінің 100 жылдығының тойланғанын атап, өзіне қолдау бергендерге және қазылар алқасына алғыс айтқанын жеткізген.
Хүррийет газеті «Ардасыз матчта дәу кубок Реалдікі» деп аталатын хабарында Чемпиондар лигасында Реал Мадрид қарсыласы Атлетика Мадридті 1-1 аяқтап ұзартылған уақытта 3 голмен 4-1 жеңгенін жазған. Газет ұлттық футболистіміз Арда Туранның ақсаңдағаны себепті карьерінің ең маңызды матчына шыға алмағанын білдірген.
Акшам газеті аталмыш тақырыпты хабарында «Реал Мадрид 10-шы рет Еуропа Чеипионы» тақырыпты хабарында УЭФА Чемпиондар лигасы финал матчында Реал Мадрид пен Атлетика Мадрид кубок үшін жарысқанын хабарлаған. Хабарда Португалияның Лиссабон қаласында ойналған матчты Реал Мадридтің 4-1 жеңіп, Чемпиондар лигасының жеңімпаз аталғанын жазған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар