28.05.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген

75436
28.05.2014 күнгі түрік баспасөзі

Хабертүрік газеті «Жомарттығыңыз өте құнды» деп аталатын хабарында президент Абдуллах Гүлдің бір күндік ресми сапар аясында Түркияға келген Норвегия Сыртқы істер министрі Берге Брендені қабылдағанын жазған. Газет Берге Бренденің Түркияның Сириядағы ішкі соғыстан қашқан сириялықтарға бағытталған жомарттығының өте құнды екенін айтқанын білдірген. Хабарда Бренденің «Түркия Сириядағы дағдарысқа саяси бір шешім табу үшін кілт бір актер» дегені атап көрсетілген.
Йени шафак газеті «Брюссельде тәртіп бұзылды» деп аталатын хабарында Еуропадағы сайлау себеп болған саяси зілзаланың әлі жалғасқанына назар аударған. Газет ЕО мүше 28 мемлекетте өткен сайлауда Исламофобия жақтаушылары мен көшпенді дұшпаны нәсілшілдер мен ЕО-на қарсы шыққан ұлтшыл және радикал солшыл партиялардың жеңісінің артынан алаңдаған Еуроодақ басшыларының «зиянды анықтау» үшін Брюссельде жиналғаны атап көрсетілген. Газет саммит алдында сөз алған және алғашқы сынды өздеріне жасаған Франция президенті Франсуа Олландтың Еуропа Одағы лауазымдылар санының азайту керектігін айтқанын білдірген. Газет Олландтың «Еуропа қарапайым, ашық болуға тиісті, болмысын жалғастыруы және шегіну керекті жерлерді білу керек. Еуроодақ Евро аймағындағы дағдарысты жеңді. Дегенмен не үшін? Үнемдеу пакеттері адамдардың үміттерін азайтты» дегенін жазған. Хабарда Германия канцлері Ангела Мергельдің болса алдынғы мәселенің экономиканы күшейту екеніне назар аударған.
Акшам газеті «Хилти Түркияны орталық қылды 2013 жылдан бері 34 пайыз өсті» деп аталған экономика хабарында құрылыс жұмыстары, механика, электр, энергия және өнеркәсіп саласында жұмыс істеген жетік мамандарға бағытталған өнім мен қызметтер ұсынған «Хилти Түркия» фирмасының 34 пайыз өскенін жеткізген. Газет 120-дан астам мемлекетте жұмыс істейтін 17 жылдан бері де Түркия нарығында орын алған Хилтидің соңғы 3 жылдан бері Түркия кеңсесін Орталық Азия мен Иракқа жауапты орталық ретінде сайлағаны жазылған. Хабарда Хилти Орталық Азия мен Түркия Бас директоры Мехметчик Калайдың «2013 жылы құрылыс саласы 7,1 пайыз өскенде Хилти 34 пайыз асты» дегенін атап көрсеткен.
Стар газеті «Итальяндықтардың үлкен дәрі-дәрмек инвестициясы» деп аталатын хабарында Түркияда 2008 жылдан бастап жұмыс істейтін орталығы Италиядағы дәрі-дәрмек фирмасы «Recordati»дің Текирдағ Черкезкөй өнеркәсіп аймағында шамамен 50 миллион доллар шығын жұмсалатын жайдың іргетасын қалағаны жазылған. Газет жаңа өндіріс аймағында барлық жабық алаңның шамамен 18 мың текшеметр боп жоспарланғанына және фабриканың 2015 жылы аяқталатынына назар аударған.
Сабах газетінің мәдениет пен өнер беттерінде орын алған «Фильм басына шаққанда орташа 23 жүлде» деп аталатын хабарында Канда Алтын Пальманы алған «Қыс ұйқысы» атты фильмнің режиссері Нури Билге Джейланның қазірге дейін түсірген 7 фильмге 166 жүлде табыс етілгені атап көрсетілген. Газет Джейланның фильм басына шаққанда орташа 23 жүлдеге тап келгенін жазған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар