31.05.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер Түркия Мұнайлары ортақтығының табыстарына және Жей Карнидің отставкасына байланысты хабарларға кең орын берген

78307
31.05.2014 күнгі түрік баспасөзі


Йени Шафак газеті «Маңызды келісім» деген тақырыппен берген хабарында Түркия Мұнайлары ортақтығы мен француз энергия фирмасы Тоталдың Шахтеңіз жобасындағы 10 пайыздық үлесін алып, жарнасын 19 пайызға көтерген келісімге қол қойылғанын жазған.
Газеттің хабарында Премьер-министр Ердоғанның Шахтеңіз Табиғи газ өндіріс базасы мен Транс Анатолы табиғи газ құбыр желісі жобасы ТАНАП-пен ортақтығының арттырылуына байланысты келісімдегі маңызды тақырыптың екеуі Түркия мен фирмалары үшін өте маңызды болғаны білдірілген. Ердоған «Мұның бірі Боташ-тың ТАНП құбыр желісінде 20 пайыз болған үлесінің 30 пайызға көтерілуі. Екіншісі Түркия Мұрайлары ортақтығының Шахтеңіз жобасындағы үлесінің 9 пайыздан 19 пайызға көтерілуі» деп көрсетті.
Ватан газеті «Ақүй мәлімдемешісі Жей Карни отставкаға кетті» деген тақырыптағы хабарында Америка Құрама Штаттарының Ақүй мәлімдемешісі міндетінен отставкаға кеткенін жазған.
Хабарда Карнидің отставкаға шешімінің АҚШ президенті Барак Обама тарапынан жарияланғаны, алайда Астана Вашингтонда осы кездейсоқ отставканың себептері әлі жарияланбағаны білдірілген.
Стар газеті «Мәжілістен кеншілерді қуантатын шешім» деген тақырыптағы хабарында кеншілерге бағытталған түбегейлі реформалар жасау заң жобасының Мәжіліске келгенін жазған. Хабарда заң жобасында кеншілердің жұмыстану, демалыс, жалақы, дәреже және басқа да құқықтарының қайтадан өңделгені, демалыс құқықтарының артқаны, жұмыстану сағаттарының азайғаны, 55 болған зейнетке шығу жасының 50-ке төмендегені, бітімгер фирмаларда жұмыстанған жұмысшыларға берілетін жалақы мен басқа да әлеуметтік құқықтардың негізгі қызметкерлерге берілген жалақыдан аз болмауы сияқты тақырыптардың дәріптелгені білдірілген.
Хүрриет газеті «Қабырғаларда жалау шектелді» деген тақырыптағы хабарында Боливия бір миллион текшеметр тұздан әлемдегі тұңғыш тұз қонақүйдің жасалғанын хабарлаған. Газет Оңтүстік Африка елі Боливияның тұз кені қабаттарынан әлемнің бай аймақтарынан Солончак Уюни тұз көлінің маңында салынған тұздан қонақүйдің көрермендерді қызықтырғанын жазған.
Хабарда қонақүйдің төсектерінен асханаларына дейінгі барлық орны тұзбен қапталғаны, шындығына сене алмағандардың да қабырғаларды жалауы мүлде шектелгені білдірілген.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар