01.06.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген

78710
01.06.2014 күнгі түрік баспасөзі

Стар газеті «10 тамыз бастама болады» деп аталатын хабарында премьер-министр Режеп Таип Ердоғанның 10 тамыздағы президент сайлауының Түркия демократиясы үшін аса маңызды бір қадам болатынын және «Кім сайланатын болса да, Түркия 2023 нысаналарына қарай жолын жалғастырады» дегенін жазған.
Хабарда премьер-министр Ердоған «Ұлтқа қызмет жолында» атты жолдауында 10 тамыз сайлауы алдында біреулердің қайта кірбең есептер жасай алатынын еске салған премьер-министр «Сіздердің осы азғырушы әрекеттерді назарға алмайтындарыңызға кәміл сенемін. Сандыққа барып, өз еркіңізбен Түркия Республикасының президентін сайлайсыздар» деді.
Йени Шафак газеті «Мави Мәрмәр үшін қалың жұртшылық жиналды» деп аталатын хабарында Газаға гуманитарлық жәрдем апарған және халықаралық су айдынында Израиль әскерлерінің шабуылына ұшыраған Мави Мәрмәр жәрдем кемесінде шәйіт болған 10 жәрдем еріктісінің еске алынғанын жазған. Газет қырғынның 4-ші жылдығында 10 шәйіт үшін мыңдаған адамның Стамбұл Сұлтан Ахмет мешіті алаңында бас қосқанына орын берген. Хабарда Мави Мәрмәр шәйіттері үшін азаматтардың бір ауыздан зікір айтып, дұға оқығаны, шеруге ел көлемінде мыңдаған адамның қатысқаны жеткізілген.
Сабах газеті «Францияда Ле-Пен көтерілісі» деп аталатын хабарында француздардың үштен екі бөлігінің Еуропа Парламенті сайлауынан жеңіспен шыққан радикал оңшылдардың басшысы Ле-Пенді қауіп ретінде көргенін жазған. Газет Еуропа Парламенті сайлауында күтпеген жерден дауыстардың көпшілігін жинаған радикал оңшыл партиялардың көтерілуінің космополит тұрғын құрылымдарына ие Еуропа Одағы мемлекеттерін алаңдатқанын білдірген. Газет француздардың Марин Ле-Пеннің жеңісін «алаңдататын жағдай» ретінде бағалап отырғанда, Ұлыбританияда да оңшыл Біріккен корольдік тәуелсіздік партиясының табысының уақытша екенінің күтілгені жарияланған.
Хабарда Франция, Ұлыбритания, Германия, Австрия, Дания және Финляндия сияқты мемлекеттерде ЕО-на қарсы және оңшыл партиялардың Еуропа Парламентіндегі орындық санын арттырғанына және әлеуметтік медиада дауысын көтерген Одақ жақтастарының радикал оңшыл көшпенділерге қарсы саясаттарын сынға алғаны, Парижде ұйымдастырылған шеруде ЕО жақтаушыларының «Сүйікті Еуропа, кешірім сұраймыз» жазылған плакат ашқанына назар аударған.
Миллийет газеті «Көшпенді іскерлер» тақырыпты хабарында алғашқы 3 айдың ішінде шетелдіктердің Түркияда 1141 фирма құрғанын жазған.
Хабарда Түркияның шетелдік инвесторлар үшін сенімді бір аймақ екенін айтқан Кеден және Сауда министрі Хаяти Языджының қаңтар-наурыз айларында 199 Акционерлік қоғам (АҚ) және 78 мемлекеттен 942 Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) барлығы мың 141 шетелдік капиталға ие фирма құрылғанын мәлімдегеніне орын берілген. Газет министр Языджының Түркияға инвестиция құйған шетелдік фирмалардың жалпы капитал көлемінің 2013 миллион лирадан асқанын жариялағанын білдірген.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар