02.06.2014 күнгі түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер кейбір маңызды жаңалықтарға орын берген

79852
02.06.2014 күнгі түрік баспасөзіне шолу

«Сабах» газетінің «Сирия 40 жылға кері кетті» атты хабарында үш жылдан бері жүріп жатқан азамат соғысының ауыр нәтижесінің Біріккен Ұлттар ұйымы мәліметтерінде берілгені жазылған.
Газет мәліметке қарағанда Сирияның тарихи, әлеуметтік, экономикалық және мәдени жағынан жермен-жексен болғанын айта келіп, соғыстың 143 миллиард доллар материалдық зардап бергеніне назар аударады.
«Йени Шафак» газетінің «Түрік күні бас қосуы» атты хабарында Ұлыбританияның астанасы Лондонда өткен Түрік күніне мыңдаған адамның қатысқаны жазылған.
Газет Лондонның символдарының бірі атақты Трафалгар алаңында өткен іс шараға түріктермен қатар Лондон халқы мен астанаға келген туристердің де қызығушылық танытқанын білдірген. Хабарда іс шарада Мехтер ансамблінің өнер көрсеткені, ұлттық билер биленгені, түрік тағамдарының таратылғанына назар аударылған.
«Хабертүрік» газетінің «Экспорт рекорд жаңалады» атты хабарында биылғы жылдың мамыр айында Түркияның экспортының өткен жылдың мамырымен салыстырғанда 5,8 пайыз артып, 13 миллиард 413 миллион долларға жеткені жазылған.
Газет осылайша осы күнге дейінгі ең жоғарғы мамыр экспортының жүзеге асырылғанына назар аударған.
«Сабах» газетінің хабарында Түркия Тасымалдау, теңізшілік пен Хабарласу министрі Лүтви Элванның Түркияның авиация саласында соңғы 11 жылда жеткен табыстары арқылы әлемде дамыған экономикаларының біріне айналғаны жазылған.
Газет Түркияда 2003-жылы 162 болған ұшақ санының 2013-жылы 130 пайыз артып, 374-ке шыққанын тілге тиек ете отырып, Лүтфи Элванның тура сол кезеңде жалпы авиация көліктерінің санының да 74 пайыз артқанын білдіргенін жазған.
Хабарда Лүтфи Элванның мына мәліметтері бергені айтылған: «Бұрын Ыстанбұл мен Анкарадан 25 нүктеге 8,5 миллион жолаушы тасымалдайтын едік. Енді 6 әуе жолы компаниясы арқылы 7 қаладан 52 нүктеге 58 миллион жолаушы тасымалдай алатын күшке ие болдық».
«Акшам» газетінің «Гебзе Жапонияның сауда базасына айналады» атты хабарынды Жапонияның Исузу мен Түркияның Анадолы тобы компанияларының Гебзедегі Шекерпынар зауыттарына назар аударып отырғаны жазылған. газет өткен айларда pick-up Isuzu D-Max өндіруге бастаған Анадолы Исузудің жеңіл жүк көлігі, жүк көлігі, автобустан кейін енді 16 тонналық Исузу ауыр жүк көліктері шығару үшін қолдарын сыбағанын білдірген. Хабарда Анадолы тобының Жапониялық Исузу Моторс және Иточу фирмаларымен бірге құрылған Anadolu Isuzu Otomotiv компаниясының Шекерпынар зауытын Еуропадағы сауда базасы қылуға әзірленіп жатқанына назар аударады.
«Стар» газетінің «Тегеранның күн тәртібінде Түркия бар еді» атты хабарында Юнус Эмре институтының Иранның астанасы Тегеранда «Түркиядан бояулар мен әуездер» деген тақырыпта мәдениет аптасы ұйымдастырғаны жазылған. Газет көрмелер арқылы түрік өнерінің танытылғанын білдірген.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар