03.06.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген

81064
03.06.2014 күнгі түрік баспасөзі

Стар газеті «Палестинада тарихи келісім-шарт» тақырыпты хабарында Хамас пен әл-Фатх ұйымдарының келісімімен ұлттық бірлік үкіметінің ресми түрде құрылғанын атап көрсеткен. Газет жасалған ұлттық келісім аясында құрылған ұлттық бірлік үкіметінің министрлерінің Рамаллахта елбасы Махмуд Аббастың алдында ант ішкенін білдірген. Газет Газа секторындағы бұрынғы Палестина үкіметі премьер-министрі Исмаиль Ханиййенің болса алдымен Газаның қайта құрылымы мен қоршауды жоюға күш жұмсайтынын атап, Газаға қолдауы себепті араларында Түркия, Катар және Мысыр да бар кейбір мемлекеттерге алғысын білдіргенін жазған.
Йени Шафак газеті «Молдова және Белоруссиямен визасыз кезең басталады» деп аталатын хабарында Түркия жасаған келісімдер негізінде виза шарты жойылған мемлекеттер санының артқаны атап көрсетілген. Газет соңғы рет Сыртқы істер министрлігінің қол қойылған өзара келісімдердің артынан Белоруссия және Молдовамен виза шартының жойылғанын атап көрсеткен. Хабарда Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде аталмыш келісімдердің мемлекет аралық ынтымақтастықтың маңызды бір көрсеткіші екеніне назар аударылған.
Акшам газеті Анатолы Арыстандары іскерлер қоғамы АСКОН-ның шақыруымен Түркияға келген «Stratfor» фирмасының құрушысы Джордж Фридманның «Келешек 100 жыл» атты кітабында Түркияның аймақтық күшке айналатынына назар аударғаны және қазір Түркия қол жеткізген жағдайдың мұны растағанын мәлімдегені жазылған. Газет Фридманның Түркияның өркендеуіне қоса ел көлемінде және шетелде саяси тұғыры мен әскери күшін арттыруының аса маңызды екенін атап көрсеткен. Хабарда қазір Түркияның Еуропаның ең динамикалық экономикасы екенін атап көрсеткен Фридманның «Өте реттеулі бір экономикаға иесіз» дегені білдірілген.
Хабертүрік газеті Бодрумда ертең басталатын Түркітілдес Мемлекеттер саммитіне қатысқан мемлекеттердің жоғары деңгейдегі бюрократтарының супер люкс яхтамен теңізді аралағаны атап көрсетілген. Газет кейбір дипломаттардың болса жазғы демалысын Бодрум мен Гөковада яхтамен өткізетіні атап көрсетілген.
Йени Шафак газеті Дін істері басқармасының 2013 жылы 779 адамның ислам дінін таңдағанын жариялағаны білдірілген. Газет дайындалған мағлұматтарға қарағанда әсіресе әйелдердің мұсылмандықты таңдағанын жазған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар