04.06.2014 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер бүгінгі маңызды хабарларға орын берген.

82125
04.06.2014 күнгі түрік баспасөзі

Хүрриет газеті «Бауырластық кездесу» атты хабарда президент Абдуллах Гүлдің Анкараға келген Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедов және Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевті Чанкая сарайында қонақ қылғанын білдірген. Гүл мен Атамбаев екі жақты кездесуден кейін сарайда вице-премьер Али Бабажан және Сыртқы істер министрі Ахмет Давутоғлумен бірге түскі қонағасыда бас қосты. Хабарға қарағанда, президент Гүл артынан Түрікменстан президенті Бердімұхамедовпен кездесті. Бердімұхамедов президент Гүлге Халықаралық Мақтымқұлы орденін табыс етті.
Акшам газеті «Анкарада дипломатия қатынасы» атты хабарында Түркияның күн сайын шетелдік жоғары деңгейдегі басшыны қонақ қылғанын атап көрсеткен. Анкараның кеше рекорд жасағанына назар аударған газет кеше жеті ел мен халықаралық ұйым басшыларының Түркияда байланыс жүргізгенін білдірген.
Йени Шафак газеті «Масқара» атты хабарында БҰҰ мен батыстық елдер Сирияда өткен сайлауды «масқара» деп атағанын хабарлаған. Сайлау елде үш жылдан бері жалғасып келе жатқан азаматтық соғысқа шешім болмайды. Хабарға қарағанда НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен сайлаудың халықаралық стандарттарға сай еместігін айтып, «Сайлау еркін, әділ және ашық емес. Одақтастарымыздың ешбірі ауыз жүзіндегі сайлаудың қорытындысын танымайды» деді.
Сабах газеті «102 елден 7 мың іскер келеді» атты хабарында Тәуелсіз өнеркәсіпші және іскерлер қоғамының екі жылда бір мәрте ұйымдастырылатын Халықаралық сауда және бизнес форумына биыл 102 елден 7 мың іскердің қатысатынын білдірген. Хабарға қарағанда Тәуелсіз өнеркәсіпші және іскерлер қоғамының төрағасы Наил Олпак 26-30 қараша күндері Стамбулда өтетін 15-ші Халықаралық көрменің сонымен бірге «Жаһандық қарды жүйесі және жаңа бағыттар» атты 18-ші Халықаралық бизнес форумға да мекен болатынын атап көрсетті.
Миллиет газеті «Түрік әуе жолдары Монреальге ұшады» атты хабарында Түрік әуе жолдарының Солтүстік Америкадағы 10 пунктының Канаданың Монреаль қаласы болғанын хабарлаған. Түрік әуе жолдарының ұшақтары Канаданың Монреаль қаласына сейсенбі, жұма және жексенбі күндері ұшады.



Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар