05.06.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген

83359
05.06.2014 күнгі түрік баспасөзі

Стар газеті «ІV. Түрік Кеңесінің Бодрум бас қосуы» атты тақырыпта жарияланған хабарда Түркияның қонақжайлық жасаған саммитте Әзірбайжан, Қырғызстан, Қазақстан және Түрікменстан президенттерінің бас қосқаны жазылған. Президент Гүлдің басшылармен жеке кездескенін атап көрсеткен газет Гүлдің 4 президент үшін кешкі қонақасы бергенін жеткізген.
Акшам газеті «Мәдени мұраларды Түркиямен кеңеседі» деп аталатын хабарында Түркияның ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы үкіметаралық комитетіне сайланғаны атап көрсетілген. Газет мәлімдеменің Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесі 4-ші саммитінде сөз алған Сыртқы істер министрі Ахмет Давутоғлудан келгенін атап көрсеткен.
Ватан газеті «Мата көрмесі ‘Premiere Vision’ Стамбұлға келеді» тақырыпты хабарында Парижде 1973 жылынан бері ұйымдастырылған және әлемнің ең маңызды мата көрмелерінің бірі ретінде «Premiere Vision» ның енді Стамбұлда да жылына екі рет ұйымдастырылатыны білдірілген. Газет «Premiere Vision» Стамбұлдың тұңғыш рет 29-31 қазан күндерінде CNR Жәрмеңке орталығында жүзеге асырылатыны атап көрсетілген.
Сабах газеті «Көлік жалдаудың адмирал кемесі Түркияға келді» деп аталатын хабарында әлемнің алпауыт фирмасы «Enterprise»-тың Түркияға келгені атап көрсетілген. Газет 1.4 миллион көліктік бір флотқа ие «Enterprise»-тың Түркияда жекеменшік бір фирмамен жұмыс істейтіні білдірілген. Газет 16 миллиард долларлық табысы бар «Enterprise»-тың Еуропа Франчазингтеріне жауапты төраға орынбасары Майк Эдвардтың “EMEA (Еуропа, Орташығыс және Африка) Аймағында өсуге шешім қабылдадық және осы себепті Түркияға келдік» дегенін білдірген.
Сабах газеті «Қоршаған орта әлем күн тәртібіне келді» деп аталатын хабарында 5 маусым Әлем Қоршаған орта күні себепті көптеген елде болғандай Түркияда да қоршаған орта және табиғатқа назар аудару мақсатты іс-шаралар ұйымдастырылғанын жазған. Газет қоршаған орта мәселелерінің енді әртүрлі әлеуметтік және саяси ерекшеліктерге ие мемлекеттердің ортақ шешім дамытқаны маңызды тақырыптардың басында келгені атап көрсетілген. Газет Қоршаған орта және қала министрі Идрис Гүллүдженің Түркияда әсіресе 2002-ден бері орталық үкімет және жергілікті әкімшіліктер арқылы Республика тарихының ең ауқымды қоршаған орта бастамасын жүзеге асырғанын жеткізген. Хабарда Түркияда соңғы 12 жылда 3 миллион 691 мың гектар ормандардың дамытылуы және кеңейтілуіне бағытталған жұмыстарда 2 миллиард 711 миллион шыбықтың егілгеніне назар аударылады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар