12.07.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер Премьер-министр Ердоғанның сайлау бағдарламасына байланысты хабарларға кең орын берген.

126695
12.07.2014 күнгі түрік баспасөзі

Хабар Түрік газеті «Ердоғанның жолы» деген тақырыппен берген хабарында Премьер-министр Режеп Таип Ердоған елбасына үміткер болғаннан кейін Стамбұлда елбасы бағдарламасы мен нысана және кепілдіктерін жариялағанын жазған.
Газет жаңа Түркия үшін Премьер-министр Ердоғанның бағдарламасының үш негізгі ережесінің демократиялық саясат, ашық қоғам және құқық елі болғанын хабарлаған. Хабарда Ердоғанның нысаналары арасында Түркияны әлемде бастамашы елдер арасына кіргізу бар екені дәріптелген.
Йени Шафак газеті «Израильге қатал ескерту» деген тақырыппен берген хабарында елбасы Абдуллах Гүлдің Израильдің Палестинаға құрлық операциясын жасауға дайындалғаны байқалғанын, мұндай әрекетке беталмауы керектігіне байланысты Израильге ескерту жасағанын білдірген
Газет Біріккен Ұлттар Ұйымы және халықаралық қоғамдарды міндетке шақырған Гүлдің Түркия мен Израиль байланыстарының жақсаруы үшін аталмыш шабуылдардың тоқтауы керектігін айтқанын жазған.
Стар газеті «19 жылдан кейін екінші қоштасу» деген тақырыптағы хабарында Серебреница қырғынында қаза тапқан 175 бошнактың жерлеу мерәсімі қайғыны арттырғанын жазған. Газет 1994 жылы сербтердің қырғынында қаза болған бошнактардың жаназасы үшін Поточориде қабірлер қазылғаны, құрбандардың жақындары қайғыра дұға қылғанын хабарлаған.
Газет Ұлыбритания мен Германияның Серебреница қырғыны үшін ортақ мәлімдеме жариялап, Еуропада болған ауыр трагедияның қайталанбауы керектігін дәріптегенін жеткізген.
Сабах газеті Жерорта теңізінде Испания, Грекия, Малта, Италия, Хорватия және Черногория елдерімен кемежай жұмыстарын жасасқан түрік фирмаларының жаңа қызығу алаңы Скандинавия екенін хабарлаған. Газет Швецияда екі кемежайды алған Йылдырым Холдингтің Норвегияның ең ірі кемежайларынан бірін тағы алғанын жазған.
Ватан газеті Кэмбридж герцогинасы Кэтрин Маунбаттеннің сіңлісі Пиппаның Стамбұлға келетінін және Босфор бұғазынан жүзіп өтетінін хабарлаған. Хабарда Босфор бұғазындағы жүзу жарысының 20 тамызда өтетіні білдірілген.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар