11.08.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер 12-ші президент сайлауына қатысты жаңалықтарға кең орын берген

87005
11.08.2014 күнгі түрік баспасөзі

Стар газеті «Ұлттың президенті» тақырыпты хабарында Түркия тарихында тұңғыш рет халықтың президент сайлау үшін сандыққа барған және премьер-министр Режеп Таип Ердоғанды «Түркия Республикасының 12-ші президенті» сайлағаны атап көрсетілген. Газет 2071 жылын нысанаға алған Ердоғанның 12 жылда 9 рет дауыстарын арттырып жеңісін жариялағанын атап көрсеткен. Хабарда Әділет және Өркендеу партиясы Бас ғимараты алдында жиналған қалың жұртқа үн қатқан премьер-министр Режеп Таип Ердоғанның «өзіне дауыс берген баршаға» алғысын білдіргені жазылған.
Сабах газеті «Президентімізді сайладық» деп аталатын хабарында түрік халқының кеше тарих жазғанын атап көрсеткен. Газет премьер-министр Режеп Таип Ердоғанның Түркия Республикасының 68 жылдық демократия тарихында халықтың тікелей сайлаған тұңғыш президент екенін атап көрсеткен. Газет халық тікелей сайлаған тұңғыш президент ретінде Ердоған жасаған баяндамада «Осы сайлауда жеңіске жеткен тек қана Ердоған емес. Ұлттық билік пен демократия осы сайлауда тағы бір рет жеңіске жетті. Бүкіл шынайылығыммен айтып отырмын, 77 миллион адамның ешқайсысы жеңіске ұшыраған жоқ. Маған дауыс бергендерге емес, 77 миллионға құшақ жаятын бір президент боламын» деді.
Хабер түрік газеті «Ердоғанның тарихи жеңісі» деп аталатын хабарында Түркияның 12-ші президентін тұңғыш рет халықтың сайлағанын атап көрсеткен. Газет премьер-министр Режеп Таип Ердоғанның сайлауды «Халық өз басшысын сайлады» деп пайымдады.
Ватан газеті «Шыңға көтерілді» деп аталатын хабарында премьер-министр Режеп Таип Ердоғанның 12 жылда 9-шы рет сайлауда жеңіске жеткенін, кезкелген екі сайлаушыдан бірінің дауысын алып Чанкаяға көтерілгенін жазған.
Хүррийет газеті «Алғашқы турда Чанкаяда» тақырыпты хабарында премьер-министр Режеп Таип Ердоғанның алғашқы турда Түркияның 12-ші президенті сайланып, 9-шы рет сайлауда жеңіске жеткені білдірілген. Газет Ердоғанның 5 жыл бойынша Чанкаяда қызмет атқаратынын жазған.
Миллийет газеті «Ердоғанның жеңісі қуанышпен тойланды» тақырыпты хабарында елдің әртүрлі орталықтарында Әділет және өркендеу партиясының мерейтой ұйымдастырғаны атап көрсетілген. Газет премьер-министр Режеп Таип Ердоғанның президент ретінде сайланған соң азаматтардың көптеген жерде тойлап, көліктерімен қалаларды аралағанын білдірген.
Акшам газетінің экономика беттерінде «Тоқтамастан жобалар жалғасады» деп аталатын хабарында 12-ші президент сайланған премьер-министр Режеп Таип Ердоғанның Чанкаядағы қызмет мерзімінде де алдынғы тақырыптар ретінде экономиканың орын алатыны атап көрсетілген. Газет үлкен жаңа жобалардың астында тағы Ердоғанның қол таңбасының орын алатынын жазған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар