Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1897339
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Түркия ғасырының екпіні» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Президенттік кабинеттің отырысынан кейінгі мәлімдемесінде «Біз республикамызды саяси, экономикалық, әлеуметтік және дипломатиялық салаларда ұлт ретінде армандаған деңгейге жеткізетін серпілісті «Түркияның ғасыры» деп атадық. Еліміздің, өркениетіміздің барлық жетістіктерінен жоғары қоятын бұл нысана жаңа ұрпаққа қалдыратын ең үлкен мұрамыз болмақ» деді.

Йени Шафак газеті «Тек Түркия мен АҚШ-та бар» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда өткенде жарияланған бейне көріністе «Акынджы TİHA»-ның үстінде «миниатюралық бомба» байқалды. Түркия мен АҚШ-тан басқа ешбір ел жасай алмайды деп есептелетін бұл оқ-дәріні пилотсыз әуе көлігінен атқылау Анкараны жан-жақты күшейтетін бір жаңалық деп бағаланады.

Хүррийет газеті «Түркия шығарған жаңа қарулар қорқытты! Грекиядан өкінішті мойындау» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда грек БАҚ-тарында орын алған бір талдауда отандық және ұлттық қаруларымыз мұқият қадағаланды және «Түркия өзін жаһандық бір державаға айналдыру жоспарын тұрақты түрде орындауда. Грекия жаңалықтарды мұқият қадағалайды, бірақ айтарлықтай артта қалуда» делінді.

Стар газеті «Армиямыз үшін түрік қорғаныс өнеркәсібіне сенеміз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Венгрия Қорғаныс министрі Кристоф Шалай-Бобровнички өз елінің 2017 жылдан бері тарихындағы ең үлкен әскери даму жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап «Осы тұрғыдан армиямызды НАТО-ға сәйкес келетін заманауи техникамен қамтамасыз етеміз. Біз бұл тақырыпта түрік қорғаныс өнеркәсібіне сенеміз. Түрік қорғаныс өнеркәсібімен ынтымақтастығымызды басқа салаларда да дамытуды қалаймыз» деді.

Хабертүрік газеті «Трабзонға 3 айда круиздік кеме турлары арқылы 4 мың турист келді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Трабзонда 5 жылдық үзілістен кейін жазғы маусымда қайта басталған круиздік кеме турлары арқылы 3 айда қалаға 4 мыңға жуық турист келді.



Ұқсас жаңалықтар