Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1977508
Түрік баспасөзіне шолу

 

«Ватан» газеті «Ердоғанның сөзі Грекияда қайталанды: Түркия ядролық державаға айналуда» деген хабар жариялаған.

Грекияның беделді газеттерінің бірі «Катимерини» өз мақаласында президент Режеп Тайып Ердоғанның «Түркия әлемдегі ең маңызды ядролық державалардың бірі болады. «Түркия ғасыры» да энергия ғасыры болады» деген сөзіне назар аударды. Хабар «Түркия ядролық державаға айналуда» деген тақырыппен берілді.

«Сабах газеті»  «Акардан Украина министріне "TOGG" әрекеті» деген хабарға орын берген. Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Кайсериге сапары кезінде Украинаның Инфрақұрылым министрі Александр Кубраковқа Түркияның алғашқы отандық және ұлттық көлігі «TOGG» электромобилін сыйлады.

«Йени Шафак» газеті «Биотехнологиялық қатерлі ісік зерттеулері жүргізіледі» деген тақырып қолданған. Кожаели Гебзедегі «TÜBİTAK вакцина және дәрі-дәрмектерді дамыту» кампусының ашылуында сөйлеген сөзінде Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк «Осында биотехнологиялық препараттар мен вакциналар, қатерлі ісік зерттеулері, жануарларға сынақтар жүргізіледі» деді.

«Хүрриет» газеті «Стамбул әуежайларындағы жолаушы саны 38 пайызға артты» деген хабар жариялаған. Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу «Стамбул әуежайларындағы жолаушы саны 38%-ға артты! Биылғы жылдың алғашқы 3 айында Стамбул әуежайы 16,5 миллион жолаушыны, Сабиха Гөкчен әуежайы 7,9 миллион жолаушыны қабылдады»  деді.

«Стар» газеті «Стамбул Еуропадағы ең көп ойын келісімі жасалған екінші қала болды» деген тақырып қолданған. 2022 жылы Түркиядағы 23 ойын компаниясына барлығы 424,7 миллион доллар инвестиция салынды. Стамбул Лондоннан кейін Еуропадағы ең көп ойын мәмілесі жасалған екінші қала болды. Ал әлем бойынша 5-ші орынға ие жетті.



Ұқсас жаңалықтар