Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2016785
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Ердоған Палестина Мемлекет басшысы Аббас және Хамас басшысы Ханийемен бас қосты» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Түркияға ресми сапармен келген Палестина Мемлекет басшысы Аббас және Хамас саяси бюросының басшысы Исмаил Ханийемен Президенттік сарайда бас қосты.

Сабах газеті «Ердоған Қытай Сыртқы істер министрін қабылдады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоғанның Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі, Сыртқы істер орталық комиссиясының директоры және Сыртқы істер министрі Ван Имен кешегі қабылдауында Түркия-Қытай қарым-қатынастары барлық қырларымен талқыланды.

Стар газеті «БҰҰ-ның қасиетті кітаптар туралы қарарын құптаймыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясында қасиетті кітаптарға шабуылды «халықаралық құқықты бұзу» деп танып, мұндай әрекетті қатаң айыптайтын қарар жобасының қабылдануына ризашылық білдірді.

Ватан газеті «Түркия мен Тәжікстан арасындағы әскери қаржылық ынтымақтастық туралы келісім» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда өзара кездесулер өткізілген «Халықаралық қорғаныс өнеркәсібі көрмесінде» (IDEF) Түркия мен Тәжікстан арасында қаржылық ынтымақтастық туралы келісім мен ақшалай көмекті жүзеге асыру хаттамасына қол қойылды. Хаттамаға Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер мен Тәжікстан Қорғаныс министрі генерал Шерали Мирзо қол қойды.

Хүррийет газеті «Серіктестік келісімі 100 мың адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Түркиядағы елшісі Саид Сани эз-Захири 1 қыркүйек күні күшіне енетін Түркия-БАӘ жан-жақты экономикалық серіктестік келісімімен Түркияда 100 мың адамның жұмыспен қамтылатынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар