Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2037877
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Ердоған: Заңсыз көші-қонмен байланысты мәселелерді шешеміз» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған кеше астана Анкарада жасаған мәлімдемесінде «Шекарамыздың қауіпсіздігін және ел ішіндегі бақылауды іске қосу арқылы заңсыз көші-қонмен байланысты мәселелерді шешеміз» деді.

Хабер Түрік газеті  «Сыртқы істер министрі Фидан Вархелимен сөйлесті» атты хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Еуропа Одағының көршілестік және кеңеюге жауапты мүшесі Оливер Вархелимен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімеде Түркия-Еуроодақ қарым-қатынастары талқыланды.

Ватан газеті «Йерликая: Соңғы террорист залалсыздандырылғанға дейін  жұмысымызды жалғастырамыз» деген хабарға орын берген. Ішкі істер министрі Али Йррликая кеше жасаған мәлімдемесінде «Соңғы террорист залалсыздандырылғанға дейін  жұмысымызды жалғастырамыз. Шейіттеріміздің қанын жерге тастамаймыз» деді.

Стар газеті «Түркиядан 160  Ұшқышсыз әуе аппараты сатып алынды» атты хабар жариялаған. Тайваньның маңызды авиациялық және технологиялық компанияларының бірі «GEOSAT Aerospace Technology» «түрік Fly BVLOS Technology» компаниясының инженерлері әзірлеген 160  Ұшқышсыз әуе аппаратын сатып алды.

Сабах газеті «Түркиядан Германияға орман жаңғағы экспорты» деген хабарға орын берген. 2022-2023 экспорт кезеңінде Түркиядан Германияға 496 миллион 653 мың 928 долларға 85 мың 447 тонна орман жаңғағы сатылды.



Ұқсас жаңалықтар