Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2067925
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Газадағы оқиғалар төзімділік шегінен асып кетті» деген тақырып қолданған. Президент Режеп Тайып Ердоған G20 Лидерлер саммитіне бейнеконференция арқылы қатысып  сөйлеген сөзінде «Газада болған оқиға төзімділік шегінен асып кетті. Мұнда соғыс қылмыстары мен адамзатқа қарсы қылмыстар жасалуда» деді.

Хабер Түрік газеті «Сыртқы істер министрлігінен Газада атысты уақытша тоқтату туралы мәлімдеме» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, Сыртқы істер министрлігі Газада атысты уақытша тоқтату туралы мәлімдемесінде «Израиль күштерінің шабуылдары алты аптадан астам уақыт бойы жалғасып жатқан Газада гуманитарлық үзіліс жариялау туралы келісімді оң қадам деп есептейміз» деп білдірді.

Хүрриет газеті «Вице-президент Йылмаз: Біз 11-ші ең үлкен экономикамыз» деген хабарға орын берген.  Хабарға қарағанда, Вице-президент Джевдет Йылмаз «Қазір сатып алу қабілеті паритеті бойынша Түркия ретінде 11-ші, номиналды түрде 17-ші экономикамыз» деді.

Сабах газеті «Халықаралық алпауыт мекемеден Түркия туралы түсініктеме: Ең көп инвестиция салған ел болды» деген хабар жариялаған. Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі (ЕҚДБ) президенті Одил Рено-Бассо Түркиядағы инвестицияларын әрқашан өте жоғары деңгейде ұстағандарын және инвестициялауды жалғастыратындарын айтып, биылғы инвестициясының 2,5 миллиард еуродан асатынын мәлімдеді. Рено-Бассо Түркияның өз банктері ең көп инвестиция салған ел болғанын білдірді.

Йени Шафак газеті «Ерте брондау 20 пайызға артты» деген хабарға орын берген. Жерорта теңізі туристік қонақүйлер мен операторлары қауымдастығының президенті Каан Кавалоглу туризмдегі брондаудың 2024 жылға жақсы басталғанын айтып, «Алғашқы брондау Ұлыбританиядан, келесісі Германиядан келеді. Ерте брондау 2023 жылмен салыстырғанда 20 пайыз артық» деді.



Ұқсас жаңалықтар