Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2068379
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Ұлттық Қорғаныс министрлігі: 1927 террорист залалсыздандырылды» деген хабарға орын берген. Ұлттық Қорғаныс министрлігінің   Баспасөз және қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі Зеки Актүрік министрлікте өткен «Баспасөз ақпарат жиналысында» терроризммен күрестің үзіліссіз жалғасып жатқанына тоқталды. Зеки Актүрік «Ирак және Сирияның солтүстігінде  1 қаңтардан бері 1927 террорист  залалсыздандырылды. Осылайша 2015 жылдың 24 шілдесіндегі жағдай бойынша залалсыздандырылған террорист саны 39 мың 270-ке жетті» деді.

Сабах газеті  «Террорист Толун Сирияда залалсыздандырылды» атты хабар жариялаған. Ұлттық Барлау ұйымы  Интерпол тарапынан қызыл бюллетеньмен іздеу салынған, PKK/YPG террорлық ұйымының ауыр қаруларға жауапты мүшесі «Хайри Серхат» код есіммен танымал Фахреттин Толунды Сирияда залалсыздандырды.

Ватан газеті «'ZAHA' Түрік теңіз күштерінде алғаш рет қолданылды» деген хабарға орын берген. Түрік теңіз күштері қолбасшылығы ұйымдастырған «Шығыс Жерорта теңізі-2023» оқу-жаттығуы жалғасуда. Анталия шығанағында өткізілген оқу-жаттығудағы сценарий бойынша жүргізілген құтқару операциясында теңізде де, құрлықта да қозғала алатын отандық өндірілген брондалған амфибиялық шабуыл көлігі (ZAHA) алғаш рет қолданылды.

Хүрриет газеті «Түркия Дүниежүзілік мұра комитетіне мүше болып сайланды» атты хабар жариялаған. Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой әлеуметтік желідегі парақшасында: «Түркия Дүниежүзілік мұра комитетіне мүше болып сайланды» деді.

Хабер Түрік газеті «Шығыс Қаратеңізден 10 айда 133,2 миллион долларлық ақсерке балығы экспортталды» деген хабарға орын берген. Шығыс Қаратеңізден "Түрік ақсеркесі" атымен маркаға айналған түрік ақсерке балығы экспорты жылдың 10 айында өткен жылдың  бірдей кезеңімен салыстырғанда 44 пайыз артып 133 миллион 220 мың 467 долларға жетті. Түрік ақсерке балығы  экспортында Ресей Федерациясы көш бастады.

 



Ұқсас жаңалықтар