Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2069191
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Хамас Ердоғанның күш-жігерінің арқасында 7 тайландтықты босатты» деген хабарға орын берген. Хамас Израильмен тұтқын алмасу келісімі аясында кепілге алынған 7 тайландтықты босатты. Хамас аталмыш 7 тұтқынның президент Режеп Тайып Ердоғанның Газада түбегейлі бейбітшілікті қамтамасыз ету жолындағы дипломатиялық талпыныстарына жауап ретінде босатылғанын жариялады.

Стар газеті «Француз заңгері Түркияны мақтады» атты хабар жариялаған. Халықаралық қылмыстық сотында палестиналықтарды қорғаған француз заңгер Гиллес Деверс түрік баспасөзі түсірген фотосуреттердің Израильдің Газада ақ фосфор бомбасын қолданғанын дәлелдеуде үлкен рөл атқарғанын атап көрсетті.

Хабер Түрік газеті «Түркия мен Венгрия арасындағы сауда көлемі артып келеді» деген хабарға орын берген. Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Каджыр 2 күндік сапармен Венгрияға барды. Министр Каджыр Түркия мен Венгрия арасындағы сауда көлемінің 4 миллиард долларға жақындағанын білдіріп, «Лидерлеріміздің алға қойған 6 миллиард долларлық мақсаты бар және біз осы мақсатқа қарай қадамдап жылжудамыз» деді.

Ватан газеті  «Түркия жасады, әлем көрді» атты хабар жариялаған. Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу барша әлемді  тәнті еткен жұмыстардың істелгенін түсіндірді. Министр Уралоғлу: «21 жылда 3 мың 844 жаңа көпір салдық және  405 жаңа туннель аштық» деді.

Хүрриет газеті «Угур Шахин қатерлі ісікке қарсы вакцина үшін күн берді» деген хабарға орын берген. Вакциналардың көмегімен Ковид-19-ны артта қалдырған әлем қатерлі ісікке қарсы вакцинадан үміттенгені туралы хабар түрік ғалымы Угур Шахиннен келді. Шахин жекелендірілген «mRNA» негізіндегі қатерлі ісікке қарсы вакциналардың 2030 жылға дейін мақұлдануы мүмкін екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар