Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2069712
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Газа үшін дипломатиялық байланыс» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Испания премьер-министрі Педро Санчеспен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барасында Израильдің палестиналықтарға қарсы шабуылдары, гуманитарлық көмектің Газаға үздіксіз жетуі үшін басылатын қадамдар, атысты уақытша тоқтату және түбегейлі бейбітшілік үшін талпыныстар талқыланды.

Хүрриет газеті «Куртулмуш: Нетаньяху мен оның бандылары жауапқа тартылуы керек» атты хабар жариялаған. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмуш Азия Парламенттік Ассамблеясы Атқарушы кеңесі отырысында сөз сөйледі. Куртулмуш «(Израиль премьер-министрі Беньямин) Нетаньяху мен оның бандылары халықаралық қылмыстық сотта сотталуы керек» деді.

Йени Шафак газеті «НАТО терроризммен күресте Түркиямен бірге болады» деген хабарға орын берген. НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг PKK сияқты террор ұйымдарынан қорғану үшін Түркиямен бірге жұмыс істеу керек екенін білдіріп, «Қазір НАТО мұны істеп жатыр» деді.

Сабах газеті «Ресей мен Түркия табиғи газ орталығының жол картасына келісті» атты хабар жариялаған. Ресей мен Түркияның бірлесіп дамытқысы келген энергия орталығы үшін Фракия таңдалды. 2024 жылы аяқталуы жоспарланған орталықпен Түркия табиғи газдың орталық еліне айналады.

Хабер Түрік газеті «Технология алпауыттары Түркияға инвестиция салады» деген хабарға орын берген. Түркия экономикада және саяси тұрақтылықта жасаған қадамдарымен халықаралық тікелей инвестицияның орталығына айналды. Alibaba-дан Amazon-ға, Huawei-дан PepsiCo-ға дейін әлемнің адыңғы қатардағы компаниялары жаңа инвестицияға бет бұрды. Биылғы жылдың 9 айында 93 жаңа инвестициялық жоба келіп түсті.

 

 



Ұқсас жаңалықтар