Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2071354
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті ««Политико» президент Ердоғанды ​​2024 жылғы Еуропаның ең күшті адамдары тізімінде көрсетті» деген хабарға орын берген. АҚШ-тың «Политико» басылымы 3 бөлек санат бойынша «2024 жылғы Еуропаның ең күшті адамдары» тізіміне Еуропадан 28 есімді енгізді. «Политико» бұл тізімге президент Режеп Тайып Ердоғанды ​​да қосты.

Йени Шафак газеті «Министр Тунчтың терроризмге қарсы мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Әділет министрі Йылмаз Тунч: «Түркия осы уақытқа дейін жасағаны сияқты халықаралық құқықтан туындайтын сот ынтымақтастығына қатысты міндеттемелерін орындауға бел байлады. Террормен күресте басқа елдерден де  осындай шынайылық пен табандылықты күтеміз» деді.

Хүрриет газеті «Болат: Түркия экономикада  ең жылдам дамып келе жатқан ел болды» деген хабарға орын берген. Түрік экономикасы 2023 жылдың үшінші тоқсанында өткен жылдың бірдей тоқсанымен салыстырғанда 5,9 пайыз өсті. Сауда министрі Өмер Болат «Түркия басқа елдермен салыстырғанда 5,93 пайыздық өсу қарқынымен Еуропа Одағы , ЭЫДҰ және G20 елдері арасында бірінші орында тұр» деді.

Стар газеті  «TOGG-тағы мүгедектерге арналған арнайы техника» атты хабар жариялаған. Мүгедектер Түркияның отандық TOGG автокөлігі үшін шығарылған және цифрлық түрде біріктірілген жеке құрылғылармен жолдарда «кедергісіз» жүргізу тәжірибесіне ие.

Сабах газеті «Әлемнің ең үздік 50 жас таланты анықталды. Арда Гүлер де тізімде» деген хабарға орын берген. «Next Generation» сайты 2023 жылы әлемдегі ең үздік 50 жас талантты жариялады. Өткен жылдармен салыстырғанда рейтингте болмаған тізімге маусым басында «Реал Мадрид» футбол клубына ауысқан ұлттық футболшымыз Арда Гүлер де енді.



Ұқсас жаңалықтар