Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2072147
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Кечели Израиль министрінің мәлімдемесіне наразылық көрсетті» деген хабарға орын берген. Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Өнжү Кечели Израиль Сыртқы істер министрі Эли Коэннің әлеуметтік медиа парақшасындағы жазбасына наразылық білдіріп, «Басқыншы бір елдің бейбіт халыққа жасаған аяусыз шабуылдары ешбір жағдайда өзін-өзі қорғау ретінде қабылданбайды» деді.

Сабах газеті  «Куртулмуш: Израиль Палестинадағы аурухананы бомбалады, бүкіл әлем көріп отыр. Адамдық қасиет қайда?» атты хабар жариялады. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Нуман Куртулмуш мәлімдемесінде Израильдің езгісіне үнсіз қалған елдерге наразылық білдіріп, «Израиль Палестинадағы аурухананы бомбалады. Отызға жуық сәби айғайлап өлды. Бұған бүкіл әлем қол қусырып қарап отыр. Адамдық қасиет қайда?» деді.

Йени Шафак газеті  «3 террорист  қарулы ұшқышсыз әуе аппраттарымен залалсыздандырылды» деген хабарға орын берген. Ирактың солтүстігіндегі «Пенче-Килит» операциялық аймағында кеше анықталған  PKK-лық 3 террористті Түрік Қарулы Күштері қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарымен  залалсыздандырды.

Ватан газеті «Сыртқы саудада жаңа рекорд» атты хабар жариялаған. Сауда министрі Өмер Болат қараша айында сыртқы сауданың тарихтағы ең жоғарғы деңгейге жеткенін мәлімдеді. Министр Болат қараша айында 23,01 миллиард доллар экспорт жасалғанын хабарлады.

Стар газеті  «Топрак Разгатлыоғлу: Біздің мақсатымыз әлем чемпионы болу» деген хабарға орын берген. Әлемдік супербайк чемпионатын 552 ұпаймен 2-ші орынмен аяқтаған ұлттық мотоциклші Топрак Разгатлыоғлу жаңа маусымда жаңа белестерді бағындырып, қайтадан әлем чемпионы болуды мақсат еткенін айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар