Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2073743
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоғаннан Израильге қатаң ескерту» деген хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған Израиль барлау ұйымы Моссадтың Түркия секілді кейбір елдерде Хамас басшыларын өлтіруге дайындалғаны туралы хабарға қатысты мәлімдемелерге нарызылық білдірді.  «Түркияға қарсы мұндай қадамға батылдық танытса, құны ауыр болады» деді ол.

Стар газеті де Израиль тақырыбына орын берген. Түркия Сыртқы істер министрлігі «Израиль билігінің Газадағы бейбіт тұрғындарға қарсы айуанша шабуылдарын жалғастыра отырып, басып алынған Палестина аумағында заңсыз қоныстарды кеңейтуін қатаң айыптаймыз» деген мәлімдеме жариялады.

Хүрриет газеті «Göktürk-1 жер серігіне 7 жыл» деген тақырып қолданған.  Ұлттық Қорғаныс министрлігі Түркияның бақылау спутниктерінің бірі «Göktürk-1» жер серігінің 7 жаста екенін жариялап, «Göktürk-1» ғарыштағы миссиясы барысында әлемді 37 мың 378 рет айналып, 82 мың 913 сурет түсірді» деген мәлімдеме жасады.

Хабер Түрік газеті Түркияға Анадолының тарихи жәдігерлерінің қайтарылуына орын берген. АҚШ-та тәркіленген Анадолыдан шыққан 41 тарихи жәдігер Нью-Йорктегі Түркия бас консулдығына тапсырылды.  Қайтарылған тарихи жәдігерлер арасында шамамен 60 жыл бұрын Бурдурдағы Бубон ежелгі қаласынан АҚШ-қа контрабандалық жолмен әкетініп, әртүрлі мұражайлар мен коллекцияларға сатылған кейбір туындылар да бар.

Йени Шафак газеті туризмдегі рекордқа орын берген. Әлемнің ең маңызды туристік қалаларының бірі Анталия 2023 жылдың қараша айының аяғына дейін 200-ге жуық елден 15 миллион 371 мың туристті қабылдады. 2023 жыл Анталияның туризм тарихындағы ең көп турист саны жағынан жаңа рекордтық жылы болды.



Ұқсас жаңалықтар