Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2074204
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Ердоған: Түркия-Грекия ретінде әлемге үлгі болғымыз келеді» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакиспен өткізген ортақ баспасөз мәслихатында: «Біз Эгейді бейбітшілік пен ынтымақтастық теңізіне айналдырғымыз келеді. Түркия мен Грекия ретінде ортақ қадамдар басатын боламыз. Арамызда шешілмейтін мәселе жоқ» деді.

Стар газеті «Ердоған Лаврион лагері туралы Мицотакиске  абай болу керектігін айтты» атты хабар жариялаған. Президент Ердоған Грекия тарапынан жабылған Лаврион лагеріне қатысты «Лаврион лагерінің жабылуына риза болдық. Грекияда лаңкестерге баспана беретін осындай лагерьлердің құрылуына жол бермеу үшін абай болу керектігін атап өттім» деді.

Сабах газеті «Кожаның Газадағы далалық аурухана туралы мәлімдемесі» деген хабарға орын берген. Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Газада денсаулық сақтау қызметтерін көрсетуді мақсат еткендерін түсіндірді. Кожа сонымен қатар Газадағы үш елді мекеннің инфрақұрылым тұрғысынан қолайлы емес екенін және Рафах шекарасына жақын төртінші елді мекен үшін техникалық-экономикалық зерттеулердің қайтадан жүргізіліп жатқанын айтты. Төртінші түйіннің далалық аурухана үшін қолайлы болатынын айтқан Кожа бұл тақырыпта Израиль және Мысыр денсаулық министрлерімен келіскендерін баяндады.

Хабар Түрік газеті «Түркияда хамса балығы экспорты 12 миллион 202 мың 980 долларға жетті» атты хабар жариялаған.Түркияда хамса балығы экспорты қаңтар-қараша аралығындағы 20 пайыз артып, 12 миллион 202 мың 980 долларға жетті. Шығыс Қаратеңіз экспорттаушылар қауымдастығы басқарма төрағасының орынбасары Ахмет Хамди Гүрдоған Түркиядан 11 айда 2 мың 479 тонна хамса балығының  экспортталғанын айтты.

Хүрриет газеті  ««Ezine» ірімшігі ЕО-да тіркелген алғашқы түрік ірімшігі болды» деген хабарға орын берген. Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Каджыр Чанаккаленің ерекше дәмдерінің бірі «Ezine» ірімшігінің Еуропа Одағына (ЕО) тіркелгенін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар