Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2076557
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Газа үшін дипломатиялық мобилизация» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Газадағы қантөгісті тоқтату үшін оқиғалар басталғаннан бері 30 рет жеке кездесу өткізіп, 32 рет телефон арқылы сөйлесті. Ердоған «Қан төгісті тоқтату үшін күш саламыз. Газаға қатысты ұстанымымыз анық» деді.

Хабер Түрік газеті «Куртулмуш Израильге наразылық көрсетті» атты хабар жариялаған. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Нуман Куртулмуш Израильдің палестиналықтарды соңғы қырғынға ұшыратқан суреттерінің адамзаттық қылмыс  екенін айтты. Біріккен Ұлттар Ұйымында Газада атысты тоқтату шақыруына АҚШ бастаған 10 елдің қарсы шыққанын еске салған Куртулмуш «Әлемде Израильді қолдайтын 10 үлкен ел бар. Олар Израильдің қылмысына ортақ болып табылады» деп көрсетті.

Стар газеті «Түркия Газа үшін үндеу тастады» деген хабарға орын берген. Сыртқы істер министрінің орынбасары Ясин Экрем Серим Израильдің мыңдаған бейбіт тұрғынды қырғынға ұшыратқан Газада тұрақты атысты тоқтатудың шұғыл қажет екеніне назар аударды. Серим Палестина халқының құқықтарын қорғайтын және әділ әрі түбегейлі бейбітшіліктің кепілі болатын механизм құрудың шұғыл қажет екенін және Түркияның жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын екенін білдірді.

Хүрриет газеті «Түркия Еуропа Одағының маңызды серіктесі» атты хабар жариялаған.  Бүгінгі Еуропа Одағы саммиті алдында Жалпы мәселелер кеңесінен «Біз келіссөзге дайынбыз» деген хабарлама келді. Қабылданған шешімдерде Түркияның көптеген мүдделі салаларда үміткер ел және негізгі серіктес болуды жалғастырғаны айтылды.

Сабах газеті «Түрік пештерінде ағылшын және неміс тағамдары пісіріледі» деген хабарға орын берген. Түркияның қаңтар-қазан аралығындағы кіріктірілген пеш экспорты 340 миллион 626 мың доллар, электр пеші саудасы 255 миллион 878 мың доллар болды.



Ұқсас жаңалықтар