Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2076968
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Ердоған  Джо Байденмен телефон арқылы сөйлесті» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ Президенті Джо Байденмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында  Президент Ердоған Газадағы гуманитарлық трагедияны мүмкіндігінше тезірек тоқтатуын, АҚШ-тың Израильге шартсыз қолдауынан бас тартуын талап етті. Сондай-ақ,  әрі елем, әрі АҚШ қоғамдық пікірінің бұл талапты көбірек айтқанын түсіндірді. Ердоған аймақта тұрақты атысты тоқтатуды мүмкіндігінше тезірек қамтамасыз етудің АҚШ-тың тарихи жауапкершілігі екенін айтты.

Сабах газеті «Министр Фидан Әзербайжанда маңызды мәлімдеме жасады» атты хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан кеше Әзербайжанда жасаған мәлімдемесінде Газада атысты тоқтату жолында тек АҚШ-тың қолында екеніне назар аударып, «Израильді қолдайтындар бұл жағдайды жақсы түсінуі керек. АҚШ-тың Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімдеріне бұдан былай кедергі болмауын күтемін» деді.

Хүрриет газеті «Путин: Ердоған маңызды рөл ойнады» деген хабарға орын берген. Ресей Президенті Владимир Путин кеше өткен баспасөз мәслихатында Израиль-Хамас соғысына тоқталып, Президент Режеп Тайып Ердоғанның Газадағы талпыныстарда маңызды рөл атқарғанына назар аударды.

Стар газеті «Түркия АҚШ-тың PKK-мен жаттығу өткізуіне наразылық көрсетті» атты хабарға орын берген.  Ұлттық Қорғаныс министрлігінің дереккөздері АҚШ-тың Сириядағы лаңкестік ұйымдарға қолдауына қатысты: «АҚШ-тан террор ұйымына жасаған барлық көмегін  тоқтатуын және біздің  терроризммен күресімізге шынайы қолдау беруін күтеміз » деді.

Хабер Түрік  газеті «Алғашқы түрік ғарышкерінің ғарышқа аттанатын күні белгілі болды» атты хабар жариялаған. Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Каджыр Халықаралық ғарыш стансасында қызмет ететін тұңғыш түрік ғарышкері Альпер Гезеравжының 2024 жылдың 9 қаңтарында ғарышқа аттанатынын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар