Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2077646
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «АҚШ-қа ‘ықпал ету’ туралы еске салу» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Хакан Фидан АҚШ-тық әріптесі Энтони Блинкенмен телефон арқылы сөйлескен кезде АҚШ-тың Газа секторына шабуылдарын тоқтату үшін Израильге ықпалын пайдалануы керектігін еске салды.

Сабах газеті «Кожа: Барлық вакциналар Түркияда шығарылады» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда балалық шақ иммундау бағдарламасындағы құтыру, А гепатиті және желшешек сияқты үш вакцинаны технологиялық трансфер арқылы Түркияда өндіретін боламыз. 2028 жылы барлық вакциналарды 100 пайыз Түркияда шығарамыз» деді.

Хабер түрік газеті «Түркия 19 ауылшаруашылық өнімін өндіру бойынша әлемде 4-ші орында» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Ауыл шаруашылығы палаталары одағы төрағасы Шемси Байрактар ​​Түркияның 19 ауылшаруашылық өнімін өндіруде әлем бойынша 4-ші орында екенін атап, «Еліміз көкөністер мен жемістерден бастап, әрі көптеген ауылшаруашылық өнімі бойынша 4-ші орында, әрі өнім алуан түрлілігімен көзге түседі» деді.

Хүррийет газеті «Гарри Поттер Стамбулды таңдады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Гарри Поттер жанкүйерлерінің басын қосқан «Сиқыршылар әлемі» (Wizarding World) дүкендерінің әлемде төртіншісі болып Стамбулды таңдалды. Дүкендердің шектеулі саны Лондон, Нью-Йорк және Токиодан кейін Стамбулда ашылды.

Стар газеті «Әлемнің жеңімпазы - Eczacıbaşı Dynavit» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қытайда өткен «FIVB Әйелдер арасындағы клубтар әлем чемпионаты» түрік финалына куә болды. Финалда «Eczacıbaşı» клубы «VakıfBank» клубын 3-2 есебімен жеңіп чемпион атанды.



Ұқсас жаңалықтар