Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2078242
Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоғаннан халықаралық қоғамға Газа шақыруы» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған халықаралық қоғамның Израильге дұрыс жолдама жасап, жасалған қырғынды тоқтату тұрғысынан жауапкершілігінің үлкен екенін атап көрсетті. Ердоған «Дереу атысты тоқтату және қақтығыстардың таралуының алдын алу үшін Түркия ретінде алғашқы күннен бастап қарқынды дипломатиялық күш жұмсаудамыз» деді.

Хүррийет газеті «Ердоғанның Венгрияға сапары» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Венгрияда кездесулер өткізді. Президент Ердоған мен Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанның кездесуінде екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету үшін басылуы мүмкін қадамдар талқыланды.

Йени Шафак газеті «Виктор Орбан: Келесі ғасыр ‘Түркия ғасыры’ болады» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанмен ортақ баспасөз мәслихатын өткізді. Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан «Келесі ғасырға өте үлкен жобаны алға тарттыңыз. Келесі ғасыр сенікі болады. Бұған сендік, келісімдер жасадық» деді.

Стар газеті «Түркия мен Венгрия арасындағы энергетикалық ынтымақтастық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар ​​Түркия мен Венгрияның атом энергиясы жер асты табиғи газ қоймалары және сұйытылған табиғи газ «СТГ» терминалдары саласында ынтымақтастық жасайтынын мәлімдеді. Министр Байрактар «Ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойдық. Қол қойылған саладағы ынтымақтастығымызды одан мекемелік бір сипатқа көшіруді мақсат етеміз» деді.

Ватан газеті «ЕО елдерімен виза мәселесі шешілуде» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның Еуроодақ (ЕО) елдерімен виза мәселесін шешу үшін келіссөздер қарқын алды. Әсіресе студенттерге, ғалымдарға, іскерлер мен өнер адамдары үшін бұл процесті жылдамдатуға баса назар аударылады. Түрік азаматтарының Еуроодақ елдеріне жасаған виза өтініштерін кері қайтару көрсеткіштері соңғы жылдары айтарлықтай өсті.



Ұқсас жаңалықтар