Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2079593
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Орталық банк резервтерінде жаңа рекорд» деген хабарға орын берген. Түркия Республикасы Орталық банкінің жалпы резервтерінің артуы жалғасуда. Орталық банктің жалпы резервтері 142,5 миллиард долларға жетті. Мамыр айының соңынан бері резервтер 44,1 миллиард долларға өсті.

Йени Шафак газеті «Түркия электрлі көліктер мен аккумуляторлар саласында өндіріс базасы болады» атты хабар жариялаған. Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Каджыр Қытайдың астанасы Бейжіңде қытайлық әріптестерімен кездесті. Кездесулер барысында екіжақты ынтымақтастық, әсіресе электрлі көліктер мен аккумуляторға инвестиция салу мәселелері талқыланды. Министр Каджыр «Түркияны электрлі көліктер мен аккумуляторлар саласында өндірістік базаға айналдырғымыз келеді» деді.

Стар газеті «Түркия сыртқы энергияға деген тәуелділіктен құтылады» деген хабарға орын берген. Табиғи газ бен мұнайды бірінен соң бірі ашқан Түркия Габар аймағында рекордты жаңартып келеді. Түркияның Габардағы мұнай өндірісі 30 мың баррельден асты. Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар ​​«Жаңа бастамалар арқылы Түркияның бұл саладағы сыртқы тәуелділігін тоқтатамыз» деді.

Сабах газеті «Түркия логистикада әлеуетті  ел» атты хабар жариялаған. Президенттіктің Стратегия және бюджет жөніндегі вице-президенті Кутлухан Ташкын Түркияның логистика тұрғысынан үлкен мүмкіндіктерге ие география екенін айтты. «Біздің еліміз 1,4 миллиард халқы бар 67 елден 4 сағаттық рейстік ғашықтықта.  Бұл елдердің ұлттық кірісі жалпы алғанда 40 триллион долларға жетті. Біз логистика тұрғысынан үлкен мүмкіндіктер бар географияда тұрмыз» деді.

Ватан газеті «THY Бас директоры Экши Бразилия мемлекеттік орденімен марапатталды» деген хабарға орын берген. Түрік Әуе жолдары (THY) бас директоры Билал Экши Түркия мен Бразилия арасындағы сауда және мәдени қарым-қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі және пандемия кезіндегі адал қызметі үшін Бразилия мемлекеттік орденімен марапатталды.



Ұқсас жаңалықтар