Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2080440
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Президент Ердоғанның шейіт болған сарбаздар үшін көңіл айтты» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Ирактың солтүстігіндегі «Пенче-килит» операциялық аймағында шыққан қақтығыс кезінде шейіт болған әскерлер үшін көңіл айту хабарламасын жариялады. Бұл туралы Ердоған әлеуметтік желідегі аккаунтынан «Опасыздар төккен қанның кегі еселеп қайтарылды. Терроризмнің көзін жою стратегиямызды соңғы лаңкес құртылғанға дейін табандылықпен жалғастырамыз» деді.

Хүррийет газеті «ҰБҰ-нан нүктелік операция» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық барлау ұйымы (ҰБҰ) Сирияда бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-нің Айн әл-Араб жауапкері «Бахоз Африн» лақапты террористті залалсыздандырды.

Сабах газеті «Ұлттық Қорғаныс министрі Гүлер Ирак шекарасында» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер кеше Ирак шекара желісіне барды. Министр Гүлер мұнда жасаған мәлімдемесінде «Пенче-Килит» операциялық аймағындағы шабуылдардан кейін залалсыздандырылған террорист санының 30-ға жеткенін білдірді.

Стар газеті «10 қалада «Батырлар-35» операциясы» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Ішкі істер министрі Али Йерликая бөлшектеуші террор ұйымына мүшесі лаңкестердің ауылдық жерлерде қысқы айларда шабуыл жасау мақсатты үңгір мен баспаналарға жасырған әртүрлі қару-жарақ, оқ-дәрі және жарылғыш заттарды жоюға бағытталған «Батырлар-35» атты операциясында 10 қалада 58 үңгір мен баспананың жойылғанын хабарлады.

Ватан газеті «Стамбул әуежайы Еуропада ең тығыз жұмыс істейтін әуежайы атанды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Еуропалық аэронавигация қауіпсіздігі ұйымының (Eurocontrol) Еуропа бойынша авиациялық есебіне қарағанда «Стамбул» әуежайы 4-10 желтоқсан аралығында тәулігіне орташа есеппен 1 296 рейспен Еуропада ең тығыз жұмыс істейтін әуежайы болды. «Стамбул» әуежайынан кейін күніне орташа есеппен 1 286 рейспен «Лондон Хитроу», 1251 рейспен «Амстердам Схипхол» және 1 217 рейспен «Париж Шарль де Голль» әуежайы келеді.

 



Ұқсас жаңалықтар