Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2080840
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Сабиха Гөкчен әуежайы жыл сайын 85 миллион жолаушы қабылдайды» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Стамбул Сабиха Гөкчен әуежайының 2-ші ұшу-қону алаңының ашылу салтанатында мәлімдеме жасады. Президент Ердоған «Жаңа ұшу-қону жолағымызды қону үшін, бұрынғы ұшу-қону жолымызды ұшу үшін пайдаланамыз. Қолдану мүмкіндігі екі есе артады. Жаңа ұшу-қону жолағы арқылы жыл сайын 85 миллионнан астам жолаушыны қабылдау мүмкіндігіне қол жеткізіледі» деді.

Хүрриет газеті «Ердоған: Бізді терроризммен қорқыта алмайды» атты хабар жариялаған. Президент Ердоған Түркияның ілгерілеуін терроризммен тоқтатқысы келетіндерге анық хабарлама берді. «Бізді лаңкестікпен қорқытатындарға бұл ескертуді беруді пайдалы деп санаймын» деген  Ердоған: «21 жылда барлығын сынадыңдар, біздің ұлы жорығымызға тоса алмадыңдар. Тоса алмайсыңдар» деді.

Сабах газеті  «Террор ұйымына ауыр соққы» деген хабарға орын берген. Терроризммен күрес табандылықпен жалғасуда. Түрік Қарулы Күштері террорист элементтерді әуеден және құрлықтан қоршауға алды. Сирия мен Ирактағы лаңкестік нысандарға бомбалар тасталды. Әуе және құрлық операциясында PKK-лық 56 террорист залалсыздандырылды.

Йени Шафак газеті  «1 қаңтар күні таңертең мыңдаған адам Галата көпіріне ағылады» атты хабар жариялаған. Түркияда 308 азаматтық ұйым шейіттер мен Газа үшін бұрын-соңды болмаған наразылық шеруіне дайындалуда. Бұл тарихи акцияда мыңдаған адам 2024 жылдың 1 қаңтары күні таңертең Стамбулдағы Галата көпірінде кездеседі.

Хүрриет газеті  «Түркияда жасалған мобильді ойындар әлемде бірінші орында» деген хабарға орын берген. Түркия ойын әлемінде көшбасшы елге айналуымен түрік фирмаларының табыстары туралы әңгіме жалғасуда. Стамбулда орналасқан «Dream Games» әзірлеген «Royal Match» мобильді ойыны әйгілі қарсыласы Candy Crush-ті тақтан тайдырып, ең көп табыс әкелетін ойынға айналды.



Ұқсас жаңалықтар