Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2081319
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «KAAN» ұлттық жауынгерлік ұшағы туралы хабарға орын берген. «KAAN» ұлттық жауынгерлік ұшағының барлық сынақтары өткізілді. Жердегі сынақтар мен әуедегі сынақтар аяқталғаннан бірнеше аптадан кейін «KAAN» алғашқы рейсін жасайды деп күтілуде.

Сабах газеті «Шығыс Қаратеңізде мұнай қуанышы» деген хабар жариялаған.

Хабаға қарағанда, Шығыс Қаратеңізде теңіз бетіне қалқып шыққан сұйықтықтың мұнай екені анықталғаннан кейін зерттеулер қарқын алды. «Барбарос Хайреттин Паша» сейсмикалық зерттеу кемесі мұнай экспедициясы үшін жолға шығады. Кеме Ризенің Чайели ауданының жағалауына қарай жылжиды деп жоспарланды.

Хүрриет газеті «Түркияда ұлттық табыс адам басына шаққанда 12 мың 500 долларға дейін көтеріледі» деген хабарға орын берген.

Газеттің хабарына қарағанда, Сауда министрі Өмер Болат Газиантепте өткен «Экспортты мобилизациялау саммиті» бағдарламасына қатысты. Экономикадағы өсімге тоқталған министр Болат «Біз 2023 жылды 1 триллион доллардан астам ұлттық табыспен аяқтаймыз. Жан басына шаққандағы ұлттық табысымыз 12 мың 500 долларға дейін өседі» деді.

Ватан газеті «Сабиха Гөкчен әуежайының 2-ші ұшу-қону жолағынан алғашқы коммерциялық рейс» деген тақырып қолданған.

Алғашқы коммерциялық рейс Президент Режеп Тайып Ердоған ашқан Стамбул Сабиха Гөкчен әуежайының 2-ші ұшу-қону жолағынан жүзеге асты. Хельсинкиге ұшқан «Pegasus Airlines» компаниясының  Boeing 737-800 типті ұшағы Сабиха Гөкчен әуежайынан көтерілді.

Йени Шафак газеті «Түрік қорғаныс өнеркәсібі қазақ армиясын күшейтеді» деген хабарға орын берген. Күннен күнге қарқын алған түрік қорғаныс өнеркәсібі шетелдегі ықпалын арттыра түсуде. Түркияның қорғаныс өнеркәсібі аясында әзірленген отандық ұшқышсыз ұшатын «ANKA-S» аппаратының Қазақстан армиясындағы әскери сынақтары басталды.



Ұқсас жаңалықтар