Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2082143
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах «Ердоған ұлттың қызыл сызығына тоқталды» деген хабарға орын берді. Президент Режеп Тайып Ердоған «Ауыл басшылары жиналысында» сөйлеген сөзінде «Террористтерді өз үңгірлерінде, өз ұяларында құртып жатырмыз. 22 желтоқсан күнінен бері жүргізілген операцияларда 59 террорист залалсыздандырылды» деді. Президент Ердоған «Шекара тұтастығымызға ие шығу, мемлекетіміздің біртұтас құрылымын қорғау, ұлттық бірлік пен ынтымағымызды сақтау және қорғау, бір ұлт, бір ту, бір Отан, бір мемлекет принципін қандай жағдайда да сақтау біздің қызыл сызығымыз» деді.

Йени Шафак газеті «Маңызды  орындар енді бақылауда» атты хабар жариялаған. Ұлттық Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде  «Түрік Қарулы Күштері PKK/KCK/PYD-YPG, ДАИШ және FETÖ террор ұйымдары сияқты  түрлі қауіп-қатерлерге қарсы үзіліссіз және табанды күресін жалғастыруда. Маңызды жерлер бақылау астына алынды» делінді.

Хабер Түрік газеті ««Аnka-3» алғашқы ұшуын сәтті аяқтады» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Түрік авиация өнеркәсібі акционерлік қоғамы (TAI) жетілдірген пилотсыз әскери ұшағы «Аnka-3» бүгін алғашқы сынағынан сүрінбей өткенін хабарлады.

Стар газеті  «АҚШ-пен болған F-16 мәселесі шешілетін сияқты» атты хабар жариялаған. Президенттің сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі бас кеңесшісі, елші Акиф Чагатай Кылыч АҚШ Конгресінде F-16 тақырыбының қолға алынып жатқанын білдіріп «Біз келіспейтін түйіндер азайды» деді.

Хүрриет газеті «Челиктің Нетаньяхуға наразылығы» деген хабарға орын берген. Әділет және даму партиясының баспасөз хатшысы Өмер Челик Израильдің Газадағы шабуылдарына наразылық білдіріп: «Тарихтағы ең қатыгез басқыншылықты бейбіт тұрғындарға жасаған Израиль премьер-министрі Нетаньяхудың Президентімізді нысанаға алған сөздері негізсіз. Нетаньяхуды жек көрушілікпен еске алынады және бір күні сотқа тартылады» деді.



Ұқсас жаңалықтар