Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2083562
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Республика тарихындағы экспорт рекорды жаңарды» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған кеше жасаған мәлімдемесінде 2023 жылғы экспорттың алдынғы жылға қарағанда 0,6 пайыз артып, 255 миллиард 809 миллион долларға жеткенін айтып, «Республикамыздың тарихындағы экспорт рекорды жаңарды» деді.

Ватан газеті «Сүлейманиеде PKK-ның жауаптысы залалсыздандырылды» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, Ұлттық барлау ұйымы Сүлеймание аймағында террор ұйымы PKK-ның есірткі саудасына жауапты Абдулмуталип Догджиді залалсыздандырды.

Стар газеті Грекиядағы «Түркия» тақырыбы туралы хабарға орын берген. Хабарда жазылғанға қарағанда, Грекия ақпарат құралдарында Түркия-Грекия қарым-қатынасына талдау жасалды. Грекияның мемлекеттік «ERT» арнасы «2024 жыл - түрік-Грек қарым-қатынастары үшін өте маңызды» деді.

Хабер Түрік газеті «Карабүкте ақша құмырасынан 1400 жыл бұрынғы 10 монета табылды» деген тақырып қолданған.

Карабүктің Ескіпазар ауданындағы Гадрианополис көне қаласында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде құмырада шамамен 1400 жыл бұрынғыдан қалған 10 монета табылды. Монеталар Констан II-ге тиесілі және біздің заманымыздың 641-666 жылдар аралығынан қалған  деп көрсетілген.

Хүрриет газеті «Анталияда туризм рекорды жаңарды» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, Анталия былтыр 15 миллион 689 мың 258 шетелдік туристті қабылдап, тарихи рекордын жаңартты. Қалаға былтыр  ең көп турист 3 миллион 461 мың 762 адам санымен Ресейден келді.

 



Ұқсас жаңалықтар