Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2084649
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Ирак пен Сирияның солтүстігінде өткен аптада 36 террорист залалсыздандырылды» деген хабарға орын берген. Ұлттық Қорғаныс министрлігі терроризммен күресте табандылық туралы мәлімдеме жасап, «Террористтердің өздерін күтіп тұрған ақырзаманнан құтыла алмайды. Соңғы аптада Ирак пен Сирияның солтүстігінде 36 террорист залалсыздандырылды» деді.

Стар газеті «Ұлттық барлау ұйымы террорист Садык Шейх Ахметті залалсыздандырды» атты хабар жариялаған.  Ұлттық барлау ұйымы  Түркия шекарасынан шамамен 200 шақырым жерде Ирактың Сүлеймание қаласында Түркияға қарсы шабуыл жоспарлағаны анықталған PKK/KCK-лік террорист Садык Шейх Ахметті залалсыздандырды.

Сабах газеті «Министр Уралоғлу: Жолаушы сыйымдылығы 82 миллионға өсті» деген хабарға орын берген. Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу Антальяның әлемнің маңызды туризм орталықтарының бірі екеніне назар аударып, Анталия әуежайын кеңейту жобасы аясында жолаушы сыйымдылығын 35 миллионнан 82 миллионға дейін арттыруды мақсат еткендерін айтты.

Ватан газеті «Каппадокияда 4 миллион 826 мың келушілермен рекорд жаңартылды» атты хабар жариялаған. Түркияның маңызды туризм орталықтарының бірі Кападокия аймағында 2023 жылы 4 миллион 826 мың 622 жергілікті және шетелдік туристпен келушілер рекорды жаңарды.

Хабер Түрік газеті «Алперен Шенгун дауылы» деген хабарға орын берген. NBA-да Хьюстон Рокетс сапында өнер көрсеткен  ұлттық баскетболшымыз Алперен Шенгун өзінің өнерімен күн тәртібінде із қалдыруды жалғастыруда. Осы маусымда барлығы 32 матч өткізген жас жұлдыз статистикада өз командасының басында болды және NBA-да көптеген жұлдыздарды артта қалдырды.

 



Ұқсас жаңалықтар