Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2086157
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Түркия – Қызыл теңіздегі жаһандық дағдарыстың шешімі» деген тақырып қолданған. Хабарға қарағанда, Қызыл теңізде 3-4 аптадан бері транзиттік мәселе туындады. Еуропа логистика мен жеткізілім шығыны болып жатқан кезде Түркиядан импорт жолын таңдай бастады. Сауда министрі Өмер Болат «Логистикалық қуатымыздың арқасында Түркиядан екі күнде сапалы түрік тауарларын Еуропа нарығына оңай жеткізе аламыз» деді.

Хүрриет газеті газеті «Түркия экономикасы 2023 жылдың алғашқы 9 айында 4,7 пайыз өсті» деген хабар жариялаған. Сауда министрі Өмер Болат 2023 жылы әлемдік сауданың шамамен 5 пайызға қысқарғанын, Түркияның тауар экспортын арттырып, жылды 255,8 миллиард доллармен аяқтағанын айтты. Болат «2023 жылы экономикамыз алғашқы 9 айда 4,7 пайызға өсті» деді.

Сабах газеті «Түрік әуе жолдарының (THY) рекорды» деген хабарға орын берген. «THY» 2023 жылы 83,4 миллион жолаушы тасымалдау арқылы барлық уақыттағы ең жоғары жолаушы санына жетті. «THY» өткен жылы тасымалданған жолаушылар санын 2022 жылға қарағанда 16,1 пайызға арттырды» деп жазылған хабарда.

Хабер Түрік газеті «Түркия энергия инвестициясын арттырады» деген тақырып қолданған. Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар ​​2030 жылға дейін 20 миллиард долларлық энергия тиімділігі инвестициясын салатындарын мәлімдеді. Министр Байрактар ​​«Осы инвестициялардың арқасында 2040 жылға қарай 46 миллиард долларлық энергия үнемдейміз» деді.

Йени Шафак газеті «50 триллион долларлық кездесу» деген тақырып қолданған. Хабарға қарағанда, Түркия Республикасының Орталық банкі  11 қаңтар бейсенбі күні Нью-Йоркте алғашқы «Инвестор күнін» өткізеді. Жиналыста Орталық банк басшысы Хафизе Гайе Еркан көлемі 50 триллион долларға жететін әлемдегі ең үлкен инвестициялық қорлардың 200-ден астам жоғары лауазымды өкілімен кездеседі.



Ұқсас жаңалықтар