Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2086820
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Фидан Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен кездесті» деген хабарға орын берген. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан кеше Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен кездесті. Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастар жан-жақты талқыланып, аймақтық оқиғалар мен халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасылды. Фидан Қырғызстандағы әріптесімен ортақ баспасөз мәслихатында жасаған мәлімдемесінде «Газадағы қырғынға батыс елдері бастаған әлем елдерінің үнсіз қалуы және сондықтан ашық немесе жанамалы түрде мақұлдауының әлем қауіпсіздігі үшін рисктерін талқыладық» деді.

Сабах газеті «Ішкі істер министрі Али Йерликая: Терроризммен күрес табандылықпен жалғасады» атты хабар жариялаған. Ішкі істер министрі Али Йерликая кеше терроризммен күрес туралы маңызды мәлімдеме жасады. Йерликая «Терроризммен күресті табандылықпен жалғастырамыз. Мемлекетіміз өз ұлтымен біртұтас болды. Террорлық қауіп қай жерде шықса, қай жерде террорист болса, біз оны сол жерден залалсыздандырамыз» деді.

Хабер Түрік газеті  «Анталияға келген турист саны 16 миллионнан асты» деген хабарға орын берген. 2023 жылы Анталияға келген шетелдік туристер саны 395 мың 479 трансфер жолаушымен 16 миллион 84 мың 737 болып жаңартылды. Анталия туризмі тарихында алғаш рет 16 миллионнан асты.

Ватан газеті  «Түркиядан 2023 жылы 408 миллион долларлық кептірілген өрік экспорты» атты хабар жариялаған. Түркия 2023 жылы 70 мың 869 тонна кептірілген өрік экспортын жасады. Осы экспорттан 408 миллион 74 мың доллар табыс тапты.

Стар газеиті «"TOGG"-тың  жаңа моделі таныстырылды» деген хабарға орын берген. TOGG АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында басталған әлемдегі ең ірі тұрмыстық электроника жәрмеңкесі CES 2024 көрмесінде өз орнын алды. TOGG жәрмеңкеде әлемдік сахнаға өзінің екінші смарт құрылғысы T10F шығарды.



Ұқсас жаңалықтар