Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2089721
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Ердоғанның жаңа операция хабарламасы» деген тақырып қолданған. Президент Режеп Тайып Ердоған террор ұйымы PKK-ға қарсы жаңа операцияларға қатысты «Кім не айтса да, қандай қоқан-лоққы жасаса да, алдағы айларда осы бағытта міндетті түрде жаңа қадамдар басамыз» деді.

Ватан газеті «Түркиядан терроризмге қарсы декларация» деген хабар жариялаған. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Бас Ассамблеясында Парламент төрағалығының «терроризмге қарсы декларация» ұсынысы қабылданды. Декларацияда былай делінген: «Бүкіл әлем мұны білуі керек. Біздің күресіміз соңғы лаңкес залалсыздандырылғанға дейін, лаңкестікті көзімен жоймайынша және терроризмнің  артында тұрған барлық қолдау мен көмек жойылмайынша жалғасады».

Йени Шафак газеті де министрлердің маңызды сөздеріне орын берген. Хабарға қарағанда, Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер «Кім қолдаса да, оңтүстік шекараларымызда (Сирия солтүстігінде) террор дәлізінің құрылуына рұқсат бермейміз» деді. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан да «Терроризммен күрес дипломатиясын PKK-ның көптеген елде саяси «қолдауы» бар екенін біле тұра жүргіземіз» деді.

Стар газеті «Түркияның тарихи ғарыш сапары» деген тақырып қолданған. Хабарға қарағанда, Түркияның тарихи ғарыш сапарына бірнеше сағат қалды. Президент Ердоғанның басшылығымен жүзеге асырылған ғарыш жобасының жүзеге асырылуын күткен Түркия тарихи сәтке дайындалуда. Алғашқы түрік ғарышкер Алпер Гезеравжы Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылады.

Хүрриет газеті «Ердоған Түркияның тұңғыш ғарыш саяхатшысымен сөйлесті» деген тақырып қолданған. Президент Ердоған 2024 жылы 18 қаңтар бейсенбі күні Түркия уақытымен сағат 01:11-де ғарышқа аттанатын Түркияның тұңғыш ғарыш саяхатшысы Алпер Гезеравжымен бейнеконференция арқылы сөйлесті. «Ғарышқа жолданатын алғашқы ғарышкеріміз - мықты, дамыған Түркияның белгісі» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар