Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2090363
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған әлем күн тәртібінде» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоғанның Министрлер кабинеті жиналысынан кейін жасаған мәлімдемесінде терроризммен күрес тақырыбында айтқан сөздері әлем күн тәртібінде орын алды. Халықаралық агенттіктер хабарларында «Түркия терроризммен күресте табанды!» деген көзқарасқа кең орын берді. Ердоғанның «Не бізбен біргесің, не бізге қарсысың!» деген хабарламасы да әлем күн тәртібінің қатты назарын аударды.

Стар газеті «Түркияның ғарыш сапары бір күн кейінге шегерілді» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда мүшелері арасында Түркияның тұңғыш ғарышкері Алпер Гезеравжы да бар «Ax-3 миссиясының» ғарыш сапары бір күн кейінге шегерілді. «SpaceX» компаниясының әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасалған мәлімдемеде (18.01.2024) «Ax-3 миссиясының» 1 күн кейінге шегерілген ғарыш сапары алдында соңғы тексерулердің жалғасқаны атап көрсетілді.

Йени шафак газеті «Путин бірнеше айдан кейін жариялады: Түркияға баса назар аударды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Украина-Ресей арасындағы соғыс жалғасып жатқанда, Ресей президенті Владимир Путин бейбітшілікке қол жеткізе алмағаны үшін Киевті айыптады. Стамбулдағы келіссөздерге назар аударған Путин Украинаның келіссөз үстелін тастап кеткенін атап, «Стамбулда барлығын келістік. Түркия бізді татуластырған болатын» деді.

Хүррийет газеті «Келген кезде алынатын виза жыл бойы жарамды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияда байланыстарын жалғастырған Грекия Туризм министрі Ольга Кефалояннис Грекияның 10 аралы үшін жоспарланған келу визасының наурыз айынан бастап, жыл бойына жарамды болатыны атап көрсетілді.

Ватан газеті «Сафранболу шафраны географиялық белгіге ие болды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Еурокомиссия Ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту бас дирекциясының Географиялық белгілерге жауапты директоры Диего Канга Фано Сафранболу шафранының географиялық белгі алуына шешім қабылданғанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар