Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2090759
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Түркияның тұңғыш ғарышкері Алпер Гезеравжы бүгін түнде ғарышқа көтеріледі» деген хабарға орын берген. Түркияның тұңғыш ғарышкері  Алпер Гезеравжының да ішінде болған «SpaceX» ғарыш кемесі Америка Құрама Штаттарының Кеннеди ғарыш орталығынан жергілікті уақыт бойынша сағат 16: 49-да (Түркия уақыты бойынша сағат 00: 49-да) сәтті ұшырылды.

Ватан газеті «Каджыр: Отандық ғарыш кемесін жасап, ғарыш айлағын құрамыз» атты хабар жариялаған. Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Каджыр «Болашақта отандық ғарыш аппаратымызбен ұшқышсыз ай миссиясын да орындаймыз. Ұлттық зымыран жүйелерімізбен ғарышқа шығу мүмкіндігімізді арттырып, өз ғарыш айлағын құрамыз» деді.

Хүрриет газеті «Ердоған: Біз терроризм жобаларын бұздық» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның террормен күресте ешқашан шегінбейтінін атап көрсетті. Едоған «Әртүрлі атаулар қолданып, мүшелерін жаттығудан өткізген бөлшшектеуші террор  ұйымы шекарамызда «терроризм» орнатқысы келді. Шекара сыртқы операциялар арқылы бұл жобаны бұзғанымыз үшін елімізге тікелей шабуыл жасауға тырысты. Біз кері қадам баспаймыз. Күресімізді табандылықпен жалғастырамыз» деді.

Йени Шафак газеті «Хакан  Фидан Израильдің шабуылдарына тоқталды» атты хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Израильдің Палестинаға жасаған шабуылдарына қатысты «Қауіпсіздігіне шын мәнінде қауіп төніп тұрған Израиль емес, керісінше палестиналықтар мен аймақтағы елдер» деді.

Сабах газеті «Түркия Ирак, Иран және Пәкістанды парасаттылыққа шақырды» деген хабарға орын берді. Сыртқы істер министрлігі Иранның Ирак пен Пәкістан территориясына жасаған шабуылдарына байланысты оқиғалардың өршуіне алаңдаушылық білдіріп, дос және бауырлас үш елді сбайсалдылық және  парасаттылыққа шақырды.



Ұқсас жаңалықтар