Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2097592
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Ердоған: Қалаларымызды аяғынан тұрғызғанға дейін тоқтаусыз жұмыс істейміз» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған 6 ақпан күні орталығы Кахраманмараш болған жер сілкінісінен зардап шеккен қалалар толық қалпына келтірілмейінше жұмыстардың тоқтамайтындарын айтты.

Сабах газеті «Орталық банк төрағасы Фатих Караханның алғашқы мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Орталық банк төрағасы болып тағайындалған Фатих Карахан алғашқы мәлімдемесінде инфляцияға тоқталды. Карахан «Инфляция біздің мақсатымызға сәйкес келетін деңгейге дейін төмендегенше қажетті ақша айналымын сақтауға бел байладық» деді.

Хабер Түрік газеті «Қаңтар айында 45 облыстың экспорты өсті» деген хабарға орын берген. Сауда министрлігі қаңтарда 45 облыстың экспортын арттырғанын хабарлады. Стамбул жалпы экспорты 4 миллиард 330 миллион доллармен бірінші болды.

Стар газеті «Алтын мен минералға бай елден Түркияға серіктестік ұсынысы» атты хабар жариялаған. Алтын мен минералға бай Тәжікстанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Ашрафжан Гулов керемет серіктестік ұсынысын жасады. Гулов «Тәжікстан дос ел Түркиямен әсіресе алтын, алюминий, басқа да пайдалы қазбаларды өндіру және мақта өңдеу салаларында ортақ кәсіпорындар құруды мақсат етіп отыр» деді.

Ватан газеті  «Қайту сапары кейінге қалдырылған Алпер Гезеравжы мәлімдеме жасады» деген хабарға орын берген. Түркияның тұңғыш ғарышкері Алпер Гезеравжы Жерге оралуы тағы кейінге шегерілгеннен кейін әлеуметтік желідегі парақшасында жазбасымен бөлісті. Гезеравжы «Осы бірегей саяхатта жинаған тәжірибеммен еліміздің ғылым және технология саласындағы қадамдарына үлес қосу үшін еліме оралуды асыға күтемін» деді.



Ұқсас жаңалықтар