Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2098229
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Пилотсыз әуе көліктеріне жаңа бір сұраныс» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның қарулы пилотсыз әуе көліктеріне бағдарламасы мен жаһандық нарығы назар аударуды жалғастыруда. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Мысырдың Түркиядан пилотсыз әуе көлігі сатып алудың күн тәртібінде екенін айтты. Таяу Шығыс баспасөзі «Түрік ұшқышсыз ұшақтарына халықаралық сұраныс артты» деп пайым жасады.

Стар газеті «Түрік қорғаныс өнеркәсібінің Сауд Арабиясындағы күш көрсетуі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сауд Арабиясының бас қаласы Эр-Риядта ұйымдастырылған 'World Defence Show (WDS)' көрмесіне түрік қорғаныс өнеркәсібі 63 компаниямен қатысуда. Жәрмеңкеде ең жаңа технологияның құрлық, теңіз және әуе шабуылына қарсы қорғаныс құрылғылары қойылған.

Ватан газеті «OECD Түркияның өсу болжамын көтерді» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы (OECD) Түркияның 2024 жылға арналған өсу болжамын 2,7 пайыздан 2,9 пайызға арттырды. Түркияның 2025 жылға арналған өсу болжамы 3,1 пайызға жаңартылды.

Сабах газеті «Даму жолындағы маңызды қадам» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу түрік кәсіпкерлерінің Джибутиге 21 жобаға 205 миллион доллар инвестиция салғанын мәлімдеді. Министр Уралоғлу «Орталық дәлізде орналасқан Түркия 2053 жылға дейін көлік жобаларына тағы 197 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр» деді.

Йени шафак газеті «Жас кәсіпкерлер үшін жақсы жаңалық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 8-ші Халықаралық жас іскерлер конгресі 8 ақпан күні Стамбулда өтеді. Конгресс көптеген мүдделі тарап пен 3 мыңға жуық қатысушыны, соның ішінде мемлекеттік және жекеменшік саланың жоғары лауазымды тұлғаларын, кәсіпкерлерін, инвесторларын, іскер өкілдерін, академиялық орта мен БАҚ өкілдерінің басын біріктіреді.



Ұқсас жаңалықтар