Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2102104
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Ердоған: Израиль тәуелсіз Палестина мемлекетінің болуын қабылдауы керек» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Дубайда өткен Дүниежүзілік үкімет саммитінде сөйлеген сөзінде «Израиль тәуелсіз Палестина мемлекетінің барын қабылдауы керек. Палестиналық бауырларымызды ешқашан баспанасыз, дәрменсіз және жалғыз қалдырмаймыз. Кепілгер болуға дайынбыз» деді.

Йени Шафак газеті «120 саудиялық алпауыт компания Түркияға келеді» атты хабар жариялаған. 120-дан астам саудиялық фирма түрік фирмаларымен байланыс орнату үшін Стамбулға келеді. Компаниялар энергетикадан банк ісіне, қорғаныстан авиацияға дейін көптеген салаларда инвестициялық мүмкіндіктерді іздейді.

Сабах газеті «Стамбул экспорт шыңға жетті» деген хабарға орын берген. Түркияның ауылшаруашылық өнімдері экспорты қаңтар айында 9,3 пайыз артып, 3,1 миллиард долларға жетті. Қаңтар айында 772,3 миллион долларлық ауылшаруашылық өнімдері экспортымен бірінші орында болған Стамбул Түркияның жалпы ауыл шаруашылығы экспортының 24,7 пайызын құрады.

Хабер Түрік газеті «Стамбул туризмде рекорд жаңартты» атты хабар жариялаған. Әлемдегі ең көп турист келетін қалалардың бірі Стамбул 2023 жылы 17 миллион 370 мың 30 шетелдік қонақты қабылдау арқылы барлық жылдар рекордын жаңартты

Стар газеті «Ағылшын баспасөз: Түркия тіпті Франциядан да асып түседі» деген хабарға орын берген. Ұлыбританияда шығатын «Telegraph» газеті «Биыл Түркияда неге демалыс жылы?» атты мақаласында  оқырмандарына Түркияда демалуды ұсынды. Хабарда «2024 жылы Испаниядан кейін екінші орын иелеген Түркия Францияны да басып озады» делінген.



Ұқсас жаңалықтар