Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2103234
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Ердоған: Бұл геноцидке қол қойғандар тарих алдында кінәлі деп танылды» деген хабарға орын берген. Президент Ердоған Израильдің Рафах аймағына жасаған шабуылдарына қатысты «Бейбіт тұрғындарға бомба тастау гуманитарлық құндылықтарға, соғыс заңына, халықаралық құқыққа және адам құқықтарына сәйкес келе ме? Адамзат бұл айқайға құлақ асуы керек. Бейуаз  адамдардың қырғынына көз жұма қарағандарды тарих соттайды. Бұл геноцидке қол қойғандар тарих алдында кінәлі деп танылды» деді.

Стар газеті «Фидан: ЕО Түркияға көзқарасында  бөле қарау саясатын тоқтатуы керек» атты хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Еуроодақтың Түркияға көзқарасында стратегиялық тұрғыдан бөле қарау саясатына нүкте қоюы керектігін білдіріп, «Түркия-Еуроодақ қарым-қатынастары кейбір елдердің саяси есептері үшін құрбан болмауы керек» деді.

Хүрриет газеті «Столтенбергтің Түркия жайлы мәлімдемесі» деген хабарға орын берген. НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Түркияның НАТО-ның оңтүстік қанаты үшін маңызды одақтас екенін айтты.

Хабер Түрік газеті «Ғарыштық саяхаттағы жаңа қадамдар жаңа командамен жылдамдауда» атты хабар жариялаған. Түркия алғашқы адам басқаратын ғарыш миссиясын сәтті орындады. Екінші адам басқарылатын ғарыш миссиясы сәуір айында және 2026 жылы Айға қол жеткізуді мақсат етіп отыр.

Сабах газеті «Түркия 2024 жылғы әлемнің ең күшті әуе күштері тізімінде ізін қалдырды» деген хабарға орын берген. АҚШ-та орналасқан «Global Firepower» сайты жариялаған тізімде әлемнің ең күшті армиялары қатарында Түркия да өз орнын алды. Түркия 80 елдің тізімінде екі саты жоғарылап, 7-ші орынға көтерілді.



Ұқсас жаңалықтар