Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2111801
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған: Нетаньяху мен оның сыбайластары төгілген әрбір тамшы қан үшін міндетті түрде жауапқа тартылады» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Палестина президенті Махмұд Аббаспен Президенттік кешенінде өткен жеке кездесуінен кейін ортақ баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.  Ердоған Израильдің қырғынына наразылық білдіріп, «Нетаньяху мен оның сыбайластары заң мен қоғамдық ар-ұждан алдында төгілген әрбір тамшы қан үшін міндетті түрде жауапқа тартылады» деді.

Хүрриет газеті «Министр Фидан АҚШ-қа барады» атты хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің шақыруымен 7-8 наурыз күндері арасында АҚШ-қа ресми сапармен барады. Жиынның күн тәртібінде лаңкестікпен күрестен бастап, экономикалық ынтымақтастыққа дейін көптеген мәселелер бар.

Стар газеті «Ұлттық барлау ұйымы мен Стамбул полициясының Моссадқа қарсы операциясы» деген хабарға орын берген. Ұлттық барлау ұйымы мен Стамбул полициясы Террормен күрес бөлімшесі ұйымдастырған ортақ операцияда қолдарына түсірген  мәліметтерді Израиль барлау қызметі Моссадқа сатқан 7 адам ұсталды.

Хабер Түрік газеті «Екі айда Анталияға 499 мың 784 шетелдік турист келді» атты хабар жариялаған. Антальяға биылғы жылдың алғашқы екі айында келген шетелдік турист саны өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 10,82 пайыз артып, 499 мың 784-ке жетті.

Ватан газеті «Түркияның ақсерке балығы экспорты  артты» деген хабарға орын берген. Түрік ақсерке балығы экспортынан түскен кіріс қаңтар-ақпан кезеңінде 24 пайыз артып, 19 миллион 45 мың 787 долларға жетті.

 



Ұқсас жаңалықтар