Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2117831
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті  «Зілзала аймағында тез қалпына келтіру» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған зілзала аймағында мыңдаған жаңа үй құрылысының қарқынды жалғасып жатқанын айтты. Жаңа үй санының Еуропадағы көптеген елдің халқы мен үй санынан жоғары екенін түсіндірген Ердоған жер сілкінісі аймағында әлемнің ең жақсы жақсартуын жасағандарын айтты.

Ватан газеті «Жыл соңына дейін 200 мың жаңа үй салынады» атты хабар жариялаған. Ғасыр апатынан зардап шеккен 11 облысында тағы 30 мың 723 жер сілкінісінен зардап шеккендер  өз үйлеріне ие болды. Президент Ердоған жер сілкінісі аймағында 1,5 айда жаңа үй санының 76 мыңнан асқанын  білдірді. Ердоған жыл соңына дейін бұл санды 200 мыңға жеткізетіндерін баяндады.

Сабах газеті «Ирактың солтүстігінде террористтердің 27 нысаны жойылды» деген хабарға орын берген. Террор ұйымы PKK-ның Ирактың солтүстігіндегі Метина, Зап, Хакурк, Гара және Кандил аймақтарында пайдаланғаны анықталған 27 нысана әуе операциясымен жойылды. Ұлттық Қорғаныс министрлігі «Біз шейіттеріміздің қанын жерде қалдырған жоқпыз және қалдырмаймыз» деді.

Стар газеті «PKK-ны аяқтау стратегия жоспары жасалады» атты хабар жариялаған. Ирактың солтүстігіндегі PKK қаупін жою туралы келісімге келген Түркия мен Ирак басылатын қадамдарға назар аударды. Қауіпсіздік мәселесі алдағы күндері Бағдадтан келетін делегациямен Анкарада шешіледі. PKK-ны қалай залалсыздандыру жоспарланып, 25 баптан тұратын меморандум дайындалады.

Хабер Түрік газеті «Түркияның болат өнеркәсібі экспорты артты» деген хабарға орын берген. Түркияның болат өнеркәсібінің экспорты жылдың алғашқы екі айында 2023 жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 15,8 пайызға артып, 2 миллиард 503 миллион 142 мың долларға жетті. Румыния болат экспортында 192 миллион 284 мың доллармен бірінші орында. Бұл елден кейін 136 миллион 499 мың доллармен Италия және 122 миллион 471 мың доллармен Германия болды.



Ұқсас жаңалықтар