Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2134952
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті  «Ердоған: Германиядағы нәсілшілдік шабуылдарға үнсіз қала алмаймыз» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Солингенде түрік текті 4 адамның өмірін қиған шабуылға тағы бір рет наразылық көрсетті. Мәселені Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге жеткізгенін білдірген Ердоған «Бұл жиіркенішті оқиғалар алдында үнсіз қала алмаймыз, істі қадағалаймыз» деді.

Хабер Түрік газеті «Ердоған  батысқа исламофобия жайлы  ескерту жасады» атты хабар жариялаған. Батыста Исламға қарсы дұшпандықтың күшеюіне назар аударған президент Ердоған «Кейбір Еуропа елдерінде ұшқары оңшыл ағымдардың мемлекеттің өзі тарапынан қорғалуы ұят» деді. Президент батыстағы мұсылмандар мен иммигранттарға жасалған шабуылдардың тергеу сатысында да жасырылғанын айтты.

Хүрриет газеті «Ердоған: АҚШ Газа белсенділерін тұншықтыруда» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ-та Израильге наразылық білдіргендерге жасалған зорлық-зомбылыққа наразылық білдірді. Ердоған «Кейбір беделді университеттердегі саналы студенттер мен ғалымдар қырғынға наразылық көрсетуде. Олар зорлық-зомбылық пен азаптауға ұшырауда. Ректорлар мен ғалымдарды жұмыстан шығарып, үнін тұншықтырып жатыр» деді.

Стар газеті «Түркияның Израильге қарсы шешімі әлемдік баспасөзде» атты хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Түркияның Оңтүстік Африканың Израильге қарсы Халықаралық сотта қозғалған ісіне араласуға шешім қабылдағанын хабарлады. Министр Фиданның мәлімдемелері әлемдік БАҚ-та кең көлемді жаңғырық жаратты.

Йени Шафак газеті «Түркия мен Ирак арасындағы маңызды қадам» деген хабарға орын берген. Ирак шекара қызметі Түркияның операциялық аймақтарына жақын база аймақтарын құруда. Ұлттық Қорғаныс министрлігі «Террор ұйымы PKK-ның әрекеттеріне тосқауыл қою мақсатында Ирак пен біздің ел арасындағы үйлестіру бойынша жұмыстар жалғасады» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар