Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2135860
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Егер екі мемлекетті шешімге бармайтын болсақ, бұл соңғы Газа соғысы болмайды» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, Сыртқы істер министрі Хакан Фидан «Al Arabiya» телеарнасына жасаған мәлімдемесінде «Егер біз (Газадағы) осы трагедиядан сабақ алмасақ, екі мемлекетті шешімге бармасақ, бұл Газадағы соңғы соғыс болмайды. Басқа соғыстар мен көз жасы бізді күтіп тұрады» деді.

Хүрриет  газеті «Газаға көмек тасымалдайтын 11-ші кеме жөнелтілді» деген хабарға орын берген. Қызыл жарты ай қоғамы және AFAD бірлесіп жүргізген гуманитарлық көмек операциясы аясында жалпы саны 5 мың 66 тонна гуманитарлық көмек материалын тасымалдаған кеме Мерсин портынан Газаға жөнелтілді.

Сабах газеті «Халықаралық инвестицияда Еуропада 4-ші орындамыз» деген хабар жариялаған. Президенттік Инвестициялар кеңсесінің басшысы Бурак Даглыоғлу Түркияның өткен жылы тартылған халықаралық инвестиция жобаларымен Еуропада 4-ші орынға көтерілгеніне назар аударып, «Түркия стратегиялық тұғыры және күшті инвестициясымен инвесторлар үшін маңызды ортаға айналды» деді.

Стар газеті «Олар ең үлкен жобаларын Түркияға сеніп тапсырды» деген тақырып қолданған. Орталық Еуропа елі Словения өзінің ең стратегиялық алпауыт жобасы, инвестициялық құны 600 миллион еуроны құрайтын «Дивача-Копер теміржол жобасын» Түркияға сеніп тапсырды. Жобаны 2026 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

Хабер Түрік газеті «Түріксат 6А үшін жаңа логотип» деген тақырып қолданған. Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу Түріксат 6А серігінің өндірісі мен сынақ процестерінің сәтті аяқталғанын және маусым айында АҚШ-тың Флорида штатындағы «Space-X» штаб-пәтеріне жіберілетінін еске салып, Түркияның алғашқы отандық байланыс спутнигінің логотипін анықтағандарын білдірді.   



Ұқсас жаңалықтар