Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2136343
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газет «Терроризммен күресте табандылық» деген хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған Ирак пен Сириядағы операциялар нәтижесінде маневр кеңістігі тарылған террор ұйымы PKK-ға алдағы кезеңде ауыр соққы берілетінін айтты. Ердоған «Балаларымыздың террордан таза бір климатта өмір сүруі үшін не қажет болса  тартынбаймыз» деді.

Сабах газеті «Ердоған: Хамастың атысты тоқтату шешімі қанағаттанарлық» деген хабарға орын берген. Президент Ердоған Хамастың атысты тоқтату шешіміне риза екенін білдірді. Израильдің де дәл осындай қадамға баруы керектігін баса айтқан Ердоған «Барлық батыстық актерлерді Израиль әкімшілігіне қысым жасауға шақырамын» деді.

Стар газеті «Түрік армиясы үлгі болды» деген тақырып қолданған. Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер түрік армиясының басқа елдерге үлгі екеніне тоқталды. Гүлер «Біз қолдайтын бауырлас елдер Түркияға ұқсас қарулы күштер құрылымын құруымызды қалайды» деді.

Ватан газеті «Түркияның автомобиль экспорты сәуір айында артты» деген хабарға орын берген. Түрік автомобиль өнеркәсібінің экспорты сәуір айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1 пайыз артып, 2 миллиард 746 миллион долларға жетті. Түркия экспортында бірінші орында тұрған автомобиль өнеркәсібі ел экспортында 16,8 пайыздық үлеске ие болды.

Йени Шафак газеті «Түрік ғалымдарынан керемет жаңалық» атты хабар жариялаған. Түрік ғалымы Мұрат Гөкче мен оның жұбайы инженер-химик Соннур Гөкче жасаған «модульдік баллистикалық лего бетонын» әскерилер зениттік оқтармен сынады. 14,5 миллиметрлік сауытты тесетін оқты «лего бетоны» өткізбегенін көрсететін сәттер камераға түсірілді.



Ұқсас жаңалықтар