Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2136835
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті  Президент Ердоғанның сөздерінің Грекия баспасөзіндегі әсеріне орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоғанның бір күн бұрын Министрлер кабинеті отырысынан кейін Грекиямен қарым-қатынасқа байланысты сөйлеген сөздері Грекия баспасөзінде кең орын алды.  Грек баспасөзі оң хабарламаға назар аударып, президент Ердоғанның соңғы мәлімдемесінің Грекияға достық қимылынан әлдеқайда жоғары мағынаға келетінін жазды.

Хүрриет газеті Гара аймағында 2 террористің залалсыздандырылғанын жазған. Хабарға қарағанда, Ұлттық Қорғаныс министрлігі Ирактың солтүстігіндегі Гара аймағында анықталған 2 PKK террористінің әуе операциясында залалсыздандырылғанын хабарлады.

Йени Шафак газеті «Екінші түрік ғарышкері ұшуға дайындалуда» деген хабарға орын берген. Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Кажыр ғарышкер Тува Джихангир Атасевердің ғарыш сапарына байланысты мәлімдеме жасады. Кажыр  «Ғарышкеріміз суборбитальды зерттеу үшін  2024 жылдың 8 маусымында АҚШ-тың Нью-Мексико штатындағы ғарыш айлағынан ұшады» деді.

Ватан газеті  «Түркияда круиздік туризм артып келеді» деген тақырып қолданған. Круиздік туризмде қаңтар, ақпан және наурыз айларында Түркияға 50 кемемен 61 мың 113 жолаушы келді. Жылдың 3 айында ең көп круиздік кеме мен жолаушы келген порт Кушадасы болды.

Сабах газеті «Түркиядағы 54 уәлаяттың экспорты артты» деген хабар жариялаған. Сауда министрлігінің мәліметі бойынша, қаңтар-сәуір айларында 17 уәлаят 1 миллиард доллардан астам экспорт жасаған. 54 уәлаятта да экспорт өсті. Стамбул сәуір айында 4 миллиард 75 миллион доллармен ең көп экспорт жасаған уәлаят болды.



Ұқсас жаңалықтар