Бердімұхамедов Ердоғанға құттықтау жолдады

Түрікмен басшы Түркияның жаңа президентіне денсаулық пен табыс тіледі.

241350
Бердімұхамедов Ердоғанға құттықтау жолдады

Түрікменстанның президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедов премьер-министр Режеп Таип Ердоғанның президент ретінде сайлануына орай құттықтау жолдады.


Түрікмен басшының құттықтауында «Елдеріміз арасындағы достық пен бауырластық қатынастары біз үшін өте маңызды және осы қатынастардың Түрікменстан мен Түркияның бауырлас халықтарының молшылығына үлес қосуына, нығайтатынына деген сеніміміз мол.


Осындай қуанышты мүмкіндікті пайдалана отырып, Сізге денсаулық, бақыт және бауырлас Түркия халқының дамуы мен байлығының артуы үшін жүргізген жұмыстарыңызда табыс тілеймін» деп жазылды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар